ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ат спорты маусымы ашылды

20:43, 23 мамыр 2022

Құлагер ипподромында ат спорты маусымы ашылды. Бұл жерде қалалық турнир ұйымдастырылып, шабандоздар қаржылай жүлдені сарапқа салды.

Биыл ашылу маусымына 47 сәйгүлік қатысты. Көрермендер назарына ұшқыр жарыс, құнан бәйге, топ бәйге жорға жарыс және аламан бйге үсынылды. Осылардың ішіндегі шыдамдықты талап ететіні аламан бәйге. Жалпы ұзындығы 18 шақырым.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Спорттың бұл түрі қала тұрғындарына қатты ұнайды. Бәйге көру арқылы барлық күйдің тірлікті бір сәтке ұмытуға болады. Ал, жарысқа келетін болсақ, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, ШҚО және Көкшетаудан шабандоздар жиналды. Демеушілік жасаған кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Бұл тек маусымның ашылуы. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейде ұйымдастыратын боламыз.

Ат спортына жанашыр демеушілердің көмегімен қаржылай жүлделер тағайындалды. Үш бірдей қашықтық бойынша жеңімпаздар 1 млн теңгемен марапатталса, құнан бәйгеде жүйрік атанған шабандозға мотоцикл бұйырды. Келесі жарыс қала күнінде ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...