ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

АСЫҚ АТУДАН ТУРНИР ӨТТІ

11:58, 29 сәуір 2021

Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың атқаратын рөлі маңызды. Шаһарымызда мектеп оқушылары арасында «Бес табан» атты асық ойнаудан жарыс өткізілді. Турнир жайында толығырақ алдағы сюжетте.

Облыс орталығындағы №1 Жалпы орта білім беру мектебінде асық атудан алғашқы турнир өтті. Бұл шара Павлодар облыстық «Алтын сақа» ұлттық асық ойындары федерациясының бастауымен ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты - оқушылар арасында ұлттық ойынды дәріптеу.

Саят Қизатұлы,  бас төреші:

Ұлттық ойынымызды насихаттау барысында 17 мектептің 17 команда болып ерлер және қыз командалары қатысып отыр. Ұлдар «Асық ату» ойыны бойынша, қыздар «Бес ату» ойыны бойынша. Енді мынау індетке байланысты асық спортакиадамыз да негізі жоспарланған. Ол сентябрь айында өткен жылы өтпегендіктен, соны жаңғырту мақсатында осы асық ойынын ойнатып жатырмыз.

Жас аралықтарына байланысты ойыншылар  4 санатқа бөлінді. Бүгінгі сайыста ең жас асықшылар бақ сынасуда. 2 сынып оқушысы Рақымберді Эмир турнир жеңімпазы атанғысы келетінін алға тартты.

Рақымберді Эмир, асық ату ойынының қатысушысы:

Маған асық ойнау ұнайды. Үйде ойнаймын, далада ойнаймын. Жеті жастан бастап асық ойнаймын әкеммен бірге. Бірінші орын алғым келеді.

1 мамыр күні қарсаңында турнир нәтижесі шығады. Жүлделі орынға ие болған ойыншылар медальдар және грамоталармен мараппаталады. Жарыс ұйымдастырушылары бұл турнирді жылдан жылға өткізуді жоспарлап отыр.

Айым Дидарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...