ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«АҚСУ» ФК жаңа бапкер тағайындалды

11:34, 21 қаңтар 2022

«Ақсу» футбол клубының бас бапкер лауазымына украин жаттықтырушысы Руслан Костышин тағайындалды. Жаңа бапкер ойыншылардың алдына қандай мақсат қойып отыр? Аталмыш сұрақтар жастарды дамыту орталығында өткен баспасөз жиынында талқыланды.

"Ақсу" премьер-лигада өнер көрсетіп, облыстың бас футбол клубы болады. Команда жергілікті футболшыларға иек артады, шетелдік ойыншылардың саны бесеуден асырылмайды. «Ақсу М» жастар командасы Екінші лигада топ тепсе, балалар «Ақсу» футбол орталығында топтастырылады. Осылайша, басшылық болашақ чемпиондарды дайындауды жоспарлап отыр.

Әлихан Лесов, «Ақсу» ФК директоры:

Команданың 2022 жылғы бюджеті 900 млн теңгеге тең. Салығы шамамен 110 млн теңгені құрайды. Клубтың бірінші маусымдағы мақсаты - премьер-лигада тұрақтап, жақсы ойын көрсету.

"Ақсу" командасының жаңа бас бапкері - Руслан Костышин. Бұған дейін Киев облысы Ковалевка ауылының "Колос" украиналық клубында жұмыс істеген. Басты жетістіктерінің бірі ол әуесқой команданы Еурокубоктарға жеткізді, сондай-ақ Украина чемпионатында төртінші орынға ие болды.

Руслан Костышин, «Ақсу» ФК бас бапкері:

Мен тек екі күн бұрын келдім. Команда құрамы Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны қорытындылары бойынша жасақталады. Жиын барысында ресейлік және украиндық командалармен жолдастық матчтар ұйымдастырылады.

Жақын арада "Ақсу" футбол клубы Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады. 1 ай уақыт ішінде команда басқа елдердің футбол клубтарымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Құдайберген Бердімұрат

 

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда
20:47, 20 мамыр 2022
Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...