ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Акробатикадан халықаралық жарыс өтті

20:59, 28 маусым 2022

Павлодарда спорттық акробатика және батуттық гимнастика бойынша халықаралық жарыс өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық додағы көршілес Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінен акробаттар қатысты.

Турнир  өңірімізде  жыл сайын өткізіледі.  Павлодарға Ресей,  Өзбекстан және  Қырғызстаннан қатысушылар келді. Олар спорттың 4 түрінен жарысқа түсті. Бұл спорттық акробатика, батутта секіру, қос мини-трамп және акробатикалық жолда секіру.

Ирина Глушкова, бас төреші :

4 елден , 400-ден астам адам келді. Барлығы осы спорт түрінің   әлем чемпиондары.   Қазақстан,  Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген  мықты командалар бас қосты.

Жарысты  өзге елдерден келген  өкілдер бағалайды. Сот төрелігі әділ бағасын берді.

Наргиз Болатова, қатысушы (Өзбекстан):

Иртышские  зори халықаралық сайысына мен бірнеше рет қатыстым. Маған барлығы ұнап жатыр. Біз шақыру келген уақыттан бастап, дайындала бастадық.

Зарина Омарова, қатысушы  (Өзбекстан):

Мен  11 жастамын. Қазақстанға алғашқы рет келіп отырмын. Маған бұл спорт түрі өте ұнайды. Түрлі сайыстарға қатысып, өнер көрсеткенді жақсы көремін.  я много выступала.

Пандемия кезінде  халықаралық байқау  2 жыл бойы  өткізілген жоқ. БиылҒЫ  сайыста  қосымша қос мини трамп тапсырмалары енгізілді.

Олег Белюсенко, батуттық гимнастика бойынша аға жаттықтырушысы:

Қос мини – трамп тапсырмасында қатысушы батутта секіреді. Бір ерекшелігі егер батутты гимнастикада 10 секіру жаттығуын жасаса, қос мини трампта 2 элемент көрсетіп, ережені орындайды.

Батутта секірудің 3 бағыты бар. Ол ұшу биіктігі, қону дәлдігі және элементтердің күрделігі. Осы себепті, спорт түріндегі төрешілік ең объективті болып табылады. Олег Белюсенконың айтуынша, барлық командалар жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Артур Поляков

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...