ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Аққулы ауданында спартакиада ашылды

21:10, 16 мамыр 2022

Естелік поезы. Аққулы ауданында 10 жылдан астам уақыт осындай атаумен ерекше жоба жүзеге асырылып келеді. Бұл шараның мақсаты – ауданның батыр ұлдары мен тау тұлғалы азаматтарын еске алу. Олардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттап, патриоттық рухта тәрбиелеу. Айрықша шараға тілшіміз қатысып келді.

Аққулықтар өз жерлестерін құрметтеуге зор мән береді. Осы мақсатта ауданда 12 жыл бұрын Естелік поезы атты шара қолға алынған еді. Әр жыл сайын ел дамуына үлес қосқан азаматтарды еске алып, оның құрметіне түрлі шаралар ұйымдастырады. Биыл өскелең ұрпаққа үлгі-өнегесін қалдырған еңбекқор батыр Ғаббас Ыдырысхановты еске алуға арналған турнир басталды.

Тоқтамыс Кенжеғалиев, жасөспірімдер спорт клубының директоры:

Әрбір істің екі жолы бар: біреуі - ойдан шыққан, бұның бьолашағы жоқ. Екінші жолы жүректен шыққан. Сондықтан бұл жоба - елдің жүрегінен шыққан. Балаларымызды тек қана патриоттық сезім арқылы тәрбиелеуге болады. Бүгінгі жағдай оны дәлелдеп отыр. Осы жобаға 41 адам қатысып отыр. 2050 жылға дейін. Барлық азаматтар Лебяждің өңірінен шыққан.

Ғаббас Ыдырысханов1902 жылы Бесқарағай ауданы Шарықтас ауылында туған. 1918-1928 жылдары Қызыл әскер қатарында қызмет еткен. Соғыс жылдары «Зор октябрь», «Соревнование» колхоздарын басқарған. Майданға 1 танктің құны болатын 100 сом қаражат аударған.

Тоқтамыс Кенжеғалиев, жасөспірімдер спорт клубының директоры:

Әр өңірдің алтын жүректі азаматтары бар. Сондай азаматтардың бірі - Ғаббас ағамыз. Кезінде танк сатып алып, сыйлаған жағдай. Бүгінгі күні кім ағаларымызды жоқ деп айтады.  Ұрпақтары бар. Сол кісілер арқылы балаларды тәрбиелеп отырмыз.

Шараның салтанатты ашылуына ауыл тұрғындары, оқушылар мен батырдың туғандары қатысты.

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

Ғаббас Ыдырысханұлы нағыз батыр. Бүгін осы жерде ұрпағы отыр. Басымызды иіп, атамыздың ерлігі үшін алғысымызды білдіреміз. Іщін басып келе жатқан балаларымызға бір үлкен сабақ.

Алтын Ыдырысханова, Ғаббас Ыдырысхановтың қызы:

Әкем тірі кезінде өте сондай қарапайым, көпшіл. Мәңгіде жоқ деп айтпайтын. Қарастырамыз, бар. Осыны берейік деп айтатын әкем.

Футболдан өткен спартакиадаға барлығы 24 команда қатысты. Оларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осылайша бұл күнді аудан жұртшылығы тағылымды сипатта өткізіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттады.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Акробатикадан халықаралық жарыс өтті
20:59, 28 маусым 2022
Акробатикадан халықаралық жарыс өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...