ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Аймақ басшысы спортшылармен кездесті

19:11, 12 тамыз 2021

Токиода кезекті жазғы олимпиада аяқталды. Павлодар облысын таныстырған спортшылармен аймақ башысы кездесті.

Олимпиада ойындары бүкіл әлемді жайлаған пандемияға қарамастан Жапония астанасында өтті. Аймақтың абыройын боксшы Серік Теміржанов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтерді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Серік Теміржанов Токиодағы рингте екі жекпе-жек өткізді. Жеңіс тұғырынан көріну үшін сәл тәжірибе жетіспеді дейді спортшы.  

Серік Теміржанов, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Енді осы олимпиадамызда жол болмады. Көп жұмыс жасадық. Осы олимпиада да бар күшімізді салдық. Аянбадық. Бірақ жолымыз болмады. Ары қарай тыңғылықты жаттығамаз.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұған жеке өзіңіз назар аударып, біз әрине осы жас спортшыларды қолдау көрсетеміз. Серік әлі жассын. Болашағын әлі алда. Талай-талай белестерге ие боласын. Соған біз бәріміз тілектеспіз, сенімдеміз.

Ольга Сафронова 100 және 200 метр қашықтықта өнер көрсетуге дайындық жасады. Өкінішке қарай, жарақат салдарынан біріншісін өткізіп алды.

Ольга Сафронова, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Бізде медицина саласындағы мамандар жетіспейді. Шұғыл түрде дұрыс диагноз қоя алмаған кезде тап болдым. Біздің жас жаттықтырушыларымыздың шетелде білім алуын тілегім келеді. Әлем бір орында тұрмайды, технологиялар дамуда. Жастарды көтеру үшін жаттықтырушыларды оқыту керек.

Кездесу барысында жеңіл атлет Ольга Сафронова, боксшы Серік Теміржанов және оның тәлімгері Азамат Мақажанов "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

        

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...