ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Аймақ басшысы спорт нысандарының жұмысымен танысты

21:22, 13 тамыз 2021

Павлодар облысында бұқаралық спортты дамыту үшін жан басына қаржыландыруды белсенді қолданып, инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мекемелерге, жөндеуден өткен «Батыр» БЖСМ-е және №9 мектептің реконструкцияланып жатқан стадионын аралады.

Ким Сонг Су таэквондо мектебінде жан басына қаржыландыру жүйесінің арқасында жаңа топтар ашылды. Жалпы алғанда, мұнда кем дегенде 80 тәрбиеленушіні қосымша қабылдау жоспарланып отыр.

Мектеп жаттықтырушысы Ким Иенг Ро айтуынша, бұрын көптеген ата-аналар қаржылық мүмкіндіктің жоқтығынан балаларын біздің мектепке бере алмайтын. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы енгізілгеннен кейін бір отбасыдан екі-үш бала келе бастады.Мемлекеттік спорттық тапсырыс балалардың спорт секцияларында тегін жаттығуынан бөлек, жаттықтырушылардың жалақысын арттыруға да мүмкіндік береді. Мысалы, Ким Сонг Су мектебінде бірден алты жаттықтырушының жалақы көлемі ұлғайған.Облыстық бокс федерациясының базасына барған Әбілқайыр Сқақов федерацияның өкілдері де балаларды дайындау үдерісіне белсенді ат салысатынына сенім білдірді. Ол жаттықтырушыларды сертификаттау және біліктілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Оқыту әдістемесі өзгеруде. Сіз Токиодағы жазғы Олимпиададан оралдыңыз, онда басқа елдердің жаттықтырушылары мен боксшыларының қалай жұмыс істейтінін көрдіңіз. Бұл өте маңызды, өйткені біз Павлодар боксының ескі мектебінің іргетасын сақтап, жаңа дағдылар мен құзыреттерді қолдана бастауымыз керек.

Облыс әкімі дзюдошыларды дайындайтын «Батыр» БЖСМ-де спорттық дәстүрді сақтау керектігін айтты. Өткен жылы мұнда күрделі жөндеу жүргізілген. Ендігі жерде мектептің инфрақұрылымы мен оның жаттықтырушылар құрамына үлкен үміт артылып отыр. Әбілқайыр Сқақов балалар және жасөспірімдер спорт мектебін бейінді емес функциялардан толығымен босатуды тапсырды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Павлодарлық дзюдо мектебін жандандыруға баса назар аудару қажет. «Батыр» Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандар үшін ұйымдастыру-әдістемелік орталыққа айналуы тиіс. Мұнда біздің оқытушыларымызды оқытатын жақсы жаттықтырушыларды шақырсақ, 3-5 жылдан кейін дзюдо спортындағы көптен күткен жеңістерге қол жеткіземіз.

 «Altyn Kids» даму орталығында өңір басшысына жан басына қаржыландыру аясында балалармен жұмыс жүргізу туралы айтылды. Бағдарламаның арқасында орталық тәрбиеленушілерінің саны 187-ден 445-ке дейін артқан. Қазіргі таңда балалар мұнда спорт секцияларында да, шығармашылық үйірмелерде де айналысады.

Ирина Исакаева, орталық жетекшісі:

Би үйірмесіне қатысқысы келетіндер өте көп: егер бұрын 3 топ болса, қазір балалар жеті би тобындда жаттығады.Сурет салу үйірмесінің саны да артып, үш топтың саны он бірге дейін жетті. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналардың сұранысы бойынша шахмат үйірмесін аштық.

Облыс әкімі №9 мектептің реконструкцияланып жатқан стадионына да барды. Мұнда заманауи футбол алаңы, волейбол мен баскетболға арналған әмбебап алаң, гимнастикалық аймақ және жүгіру жолы салынуда. Жоба бойынша стадионды жарықтандыру, бейнебақылау орнату және аумақты абаттандыру көзделіп отыр. Әбілқайыр Сқақов болашақ алаңның спортпен шұғылданғысы келетіндердің барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Стадион балалармен қатар, ересектер үшін де тартылыс алаңына айналуы қажет. Көптеген жылдар ішінде біз мұнда алғаш рет бюджеттік қаражатты спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсап жатырмыз. Сондықтан, спорт алаңдары спортпен шұғылданғысы келетіндердің барлығына, әсіресе балаларға қол жетімді болуы керек.

Спорттық инфрақұрылымның қол жетімді нысанының бір мысалы – Торайғыров университетінің стритбол алаңдары. Олар университет аумағында бұрынғы автотұрақ орындарында құрылды.

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...