
Железин ауданында 4 мыңнан астам адам спортпен айналысады. Осыған байланысты ауданның бірнеше ауылында футбол алаңы салынбақ.
Железин ауданында өткен жылы 3400 адамды қамтыған 183 спорт шаралары ұйымдастырылды. 14 мың тұрғыны бар Железин ауданының қазіргі таңда 33 пайызы әртүрлі спорт түрімен шұғылданады. Әрине, ересектер мен балалардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімделуі үшін алдымен жағдай жасалуы керек.
Осы ретте ауылдықтар үшін биыл 5 шағын футбол алаңы бой көтермек. Екі ауылда жүргізілген жұмыстар толығымен аяқталды, яғни алаңдар дайын. Тартанды жабынды төселіп, аумақ қоршалып, сырланған.
Ерқанат Серікбаев, аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы:;
Осылайша Железин, Ақтау, Мыңкөл, Еңбекші, Лесное ауылдарында шағын футбол алаңдары орнатылады. Конкурстық сатып алуларға байланысты мердігер ұйымдар анықталды. Лесное, Железин ауылдарында келісімшарт бағасы 12 млн теңгені құрайды. Қалған үш алаңды елордалық ұйым орнатады.
Негізі, Железин ауданында 191 спорт құрылымы жұмыс жасайды. Оның ішіне кешендер, алаңдар, ату тирьлері, хоккей кордтары, спорт залдар енеді. Айта кетейік, биыл Железин ауданына 5 шағын алаңды орнатуға бюджеттен 90 млн теңге бөлініп отыр. Үш алаң бір айдың ішінде қолданысқа берілуі тиіс.
Самал Қалиқызы