ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Жыр жазамын жүрегімнен ....

16:45, 2 желтоқсан 2021

Ардагер ұстаз Құбадолла Жанғазының туған жері мен өзекті тақырыптарды қозғаған өлеңдері ұшан-теңіз. Болашақта «Балдан қалған сарқыттай» туындыларын кітапқа шығарсам ба деген жоспары бар. Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай да керемен туынды жазған.

Құбадолла Жанғазы Аққулы елінің тумасы. Ұзақ жылдар бойы білім саласында басшылық қызметте болған. Дана халқымыз, ұстаз болу – жүректің батылдығы дейді. Жас ұраққа білім нәрін беріп, көп жылдар бойы ұстаздық жолда қызмет атқарған. Кейіпкеріміз шабыты келгенде, жүректегі жырын ақ қағаз бетіне түсіргенді ұнатады. Тіпті, бүгінде,  қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының жыр-шумақтарын қазақ тілінен орыс тіліне аударады.  

Құбадолла Жанғазин, ардагер ұстаз:

Келесі ұрпақтар үшін өз көңілімдегіні өзімнің жаңағы жинаған тергенімді болашаққа деп жазып, қойып жатырмын. Жалғыз қазақша емес, орысша да шығармаларым бар. Жанұя, балаларға байланысты. Біраз аударыпта жүрдім.  Мысалы, Абай өленің, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа.

Ұзақ жылдар елі мен жері үшін тыңбай қызмет еткен жанның еңбегі бағаланып, Елбасының атынан алғыс хат алған. Құбадолла Шәметұлы Ел Тәуелсіздігінің алғашқы мүшелінде жүрек жарды өлеңін арнаған.

Құбадолла Жанғазин, ардагер ұстаз:

Үміт үзбей....  Мемлекетім Қазақстан.

Құбадолла атамыздың жазған жыр-шумақтары жетерлік. Алдағы уақытта туындыларын жарыққа шығарсам ба деген ойы бар. Әрине, мұндай алтын қорды болашақ жас ұрпақ үшін кітап бетіне түсіргені абзал.

 

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...