ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жылыжайда гүлдің 250 түрі өсіріледі

22:00, 24 мамыр 2022

«Горзеленстрой» жылыжайында мыңнан аса гүл өсіріледі. Гүлдерден басқа мұнда ағаштар мен бұталар, көк шыршалар, қарағай мен теректердің тамырлары жетіледі. Толығырақ түрлі хош иісті гүлдерді өсіру тәсілімен танысып қайтқан тілші материалында.

Гүлдер-өмір сәні, табиғат көркі. Горзеленстрой мекемесінде 47 қызметкер еңбек етеді. Қазір жылыжайда өсімдіктің 250 тамыры жетілуде. Баптап өсірілгеннен кейін қала гүлзарларына егіліп, шаһар  көркін жандандырады.  

Әсел Садықова, «ГОРЗЕЛЕНСТРОЙ» ЖШС маманы :

Біздің кәсіпорын  табиғи жағдайымызға бейімделген импорттық өндіріс тұқымдарын қолдана отырып, көшет өсірумен айналысады. Біз петуния, гатсания гүлдерінің 20-дан астам түстерін, гатсания, снапдрагон, сәндік қырыққабат гүлдерін  өсіреміз.

Жылыжай қызметкерлері қаңтардың аяғынан бастап тұқым себуге топырақ дайындайды. Ағаштар мен бұталарды өсіру кезінде бастапқыдан бұтақтарын қалыптастыру керек. Мысалы, шырша бұталарының ұзындығы 1 метрге дейін жылыжайда өсуі тиіс. Бұл көшетке шамамен 7 жыл үздіксіз күтім керек.

Әсел Садықова, «ГОРЗЕЛЕНСТРОЙ» ЖШС маманы:

Біздің қызметте махаббат пен шыдамдылық қажет.  Кадр тапшылығы жоқ.  Қызметкерлер  20-25 жыл жұмыс істейді. Сондай-ақ жас мамандар да келеді. Бәрімізді өсімдікке деген  сүйіспеншілік  біріктіреді.

Горцеленстрой жылыжайы 6 блокқа бөлінеді. Гүл көшеттері аймақтың аудандарына күн сайын жеткізіледі. Мектеп,  аурухана мен  балабақшалар безендіріледі.  Оңалту орталықтары мен балалар үйлерінде де өсімдіктер отырғызылады.

                                                                                                 

Әйгерім Тоқпанқызы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар