ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жылыту маусымына дайындық қалай?

13:03, 15 қыркүйек 2021

Жылу мен ыстық судың қашан берілетіні, қала тұрғындарын әр күз мезгілі келер кезде мазалататыны айқын. Толғандырған жылу маусымының басталуы және ыстық сумен жабдықтау мәселелерінің шешімі келесі бейне материалда.

Жылы көрпе мен жылу бергіш құралдардын іске қосатын уақыт келді. Шаһар тұрғындары бәлкім дәл осы тұжырыммен келісетін болар. Осы мәселеге байланысты, көкейімізде жылу қашан беріледі деген сұрақ туындайды.

Ирина Заяц, коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі:

Қазіргі уақытта жоба жылыту маусымына дайын, бірақ 34-ші тармаққа сәйкес ауа температурасы +10 және одан төмен болған кезде бірнеше күн бойы қарап, жылыту маусымының басталу күнін анықтаймыз.

Қала тұрғындарын толғандыратын тағы бір тақырып – ыстық су. 297 үй әлі күНге дейін ыстық судың жоқтығына наразы. Жұмыс қашан аяқталады?

Ирина Заяц, коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі:

Солтүстік және Оңтүстік желі бойынша тұрғындар 20 қыркүйекке дейін ыстық сумен, Оңтүстік желі бойынша 1 қазанға дейін сумен қамтамасыз етіледі.

Статистика бойынша, қазіргі уақытта 1 245 көпқабатты үйдің 586 – сы жылыту маусымына дайын, 292 үйдің -80%-ы, ал қалған 40% - ы қыркүйек айының соңына дейін жұмысы дайын болады.

Құдайберген Бердімұрат, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...