ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛАДЫ

20:04, 8 сәуір 2021

Павлодарда жылыту маусымы 25 сәуірде аяқталады. Оған дейін 19-ші сәуірден бастап шаһарда магистарльдік сынақтар басталады. Өткен қыстың аязына төтеп бере алмаған желілер, енді осылайша тексерілетін болады. Желелірдің басым бөлігі тозғандықтан ақаулар да көптеп кездесуі мүмкін деді, жылу желілерінің өкілі.

Павлодарда жылыту маусымы 25 сәуірде аяқталады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Игорь Рыбас хабарлады. Қыстың қақаған аязында тұрғындар жылусыз қалғаны белгілі. Сондықтан енді мамандар халықтың шағымына байланысты энергоаудит жүргізбек.

Игорь Рыбас, ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Қыста жылу жетіспеушілігі бойынша көптеген мәселелер туындады. Сондықтан облыс әкімі жылу желілерінде энергоаудит жүргізу туралы шешім шығарды. Бұл жұмыс жылу желісіндегі, энергия көздеріндегі, гидравликалық қысымдағы, мүмкін болған себептерді анықтауға бағытталған. Ол үшін бірқатар сынақтар өтеді.

Сынақтарды жүргізу ауа райына байланысты жоспарланып отыр. Сондықтан   жұмыстар 19 сәуірде басталып, 24-іне  дейін жалғасады. Шаһар бойынша жалпы үш сынақ жүргізіледі.

Игорь Рыбас, ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Біздегі желілер ескі. Оларды толық көлемде жаңарту мүмкін емес. Сынақтар гидравликалық қысымға, максималды температураға жасалады. Сынақ кезінде қалады көп ақаулар болады. Жөндеу бірден басталады. Сондықтан жөндеу кезінде көп үйлер ыстық сусыз қалады деп болжануда. Мүмкін болған жерлердегі үйлерге ыстық су беріледі.

Бөлім басшысы атқарылатын жұмыстардың ауқымды екенін жеткізді. Энергоаудитті дұрыс жүргізу үшін сынақтардың жасалуы маңызды. Жалпы, қазір қалада магистральдық желілердің 85 пайызы, кварталішілік желілердің 82 пайызы тозған. Сондықтан олардың сынақтарға төзуі екіталай деп, отыр жылу желілерінің өкілі. Сонымен қатар, жауапты маман қала жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары да басталатынын хабарлады. Айта кетейік, биыл қала жолдарының орташа жөндеу жұмысына 1 млрд теңге бөлінген. Оның 120 млн теңгесі шұңқырларды жабуға жұмсалады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...