ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жылы аялдамалар суыққа дайын ба?

21:15, 11 қазан 2021

Бүгінде бүкіл әкімдік бар күш-жігерін суыққа қарсы жұмсап жатқандай. 2019 - жылдан бастап, халық үшін деп жылы аялдамалар салына бастаған еді. Қазіргі таңда Павлодар қаласы бойынша 4 жабық аялдама павилоны қолданыста. Олардың екеуіне жөндеу жұмыстары жүруде. Ал екеуі жеке кәсіпкерлердің қолында.

Арқаның қақаған қысынан бөлек, күзгі қара суығы да халықты тоңдырады. Әсіресе көшеде автобус күткен жұрт суықты өзгелерден бөлек сезінеді. Осы олқылықтың орынын жабу мақсатында Павлодар қаласы жабық аялдама павилондарын салуды қолға айналған. 2019 жылдан бері сондай 4 аялдама салынып қолданысқа берілді. Қала тұрғындары бұндай аялдамалардың әлі де көптеп керек екендігін айтады.

Абзал Абсыдықов, қала тұрғыны:

Осындай жылы аялдамалардың болуы керек. Біздің мына қаланың тұрғындарына өте жақсы болушы еді. Көп болғаны. Қыстың аязды күндерінде әрине кейде көп тұрып қаламыз. Тосып автобусты. Сол кезде қиын. Адам болған соң тоңады ғой.

Құндыз Зәйкүн, қала тұрғыны:

Әрине, бұндай аялдамалар керек. Қазір күн суық. Адамдар автобус күтеді. Бұндай аялдамалар үнемі жұмыс істеп тұруы керек.

Суық алғаш түсіп, халық абдырап қалған кезде қала тұрғындары Орталық әмбебеп дүкені қасындағы жылы аялдаманың есігі ашылмай, жабық тұрғандығына наразылық танытқан. Бұл аялдама жеке тұлғаның қолындағы нысан екені белгілі болды. Әкімдік бұл мәселе бойынша меншік иесіне тиісті хабарламаны жіберген.

Жансерік Қабзолла, Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы:

Қала тұрғындарының орталық әмбебап дүкені қасында орналасқан жабық аялдама павильонына шағымнан кейін  меншік иесіне жұмыс режимін және жер учаскесін жалға алу шарттарын сақтау қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді. Осындай жағдайц қайтланға жағдайда Павлодар қаласының әкімдігімен жалдауды мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралатын болады.

Бүгінде Конституция алаңы және вазар сауда үйінің маңындағы екі алядамаға жөндеу жұмыстары жүруде. Ол жұмыстар қазан айының ортасында аяқталады деп жоспарлануда.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...