ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

21:27, 22 қыркүйек 2020

16-қыркүйектен бастап барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу берілді. Қанша тұрғын үй секторы жылы маусымына дайын?

Жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға 16-қыркүйектен, ал тұрғын үй секторларына 23-қыркүейтен бастап беріледі. Бүгінгі күні жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Тәулігіне 50-70 пәтерді қосу жоспарланған. 23 қыркүйекке дейін, барлық көп қабатты үйлер жылыту маусымына дайын болуы керек.

Арслан Айдарханов, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Қала әкімінің қаулысы бойынша бүгіннен бастап, 16 қыркүйек әлеуметтік нысандарға жылу энергиясы беріліп жатыр. Қалған үйлерге 23-қыркүйектен беріледі.

Жылуды барлық тұтынушыларға бір уақытта қосу мүмкін емес. Бүгінде көптеген обьектілерде  күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Олар 20-қыркүйекке дейін аяқталады. Ал, шаһардағы 1257 көп қабатты үйдің 1107-і жылыту маусымына толықтай дайын.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар