ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Жомарт жүрек»

21:37, 8 қыркүйек 2021

Достық үйінде «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Павлодар облысындағы меценаттар мен қайырымдылыққа жаны құмар жандар алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты жиын туралы келесі сюжетте.

Бір адамға жақсылық жасасаң, өзіңе он есе болып оралады деген тәмсіл бар қазақта. Ертіс-Баян өңірі бойынша жақсылық жасап жарысып жүрген жомарт жандар қысылтаяң уақытта тұрғындарға қол ұшын созып, демеу болғандар марапатқа ие болды. Бұл бағытта еңбек еткен 13 тұлғаға бағалы сыйлықтар табысталды.                          

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Биылғы конкурстың ерекшелігі ол – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі жылында өтуі. Сондықтан, барша жеңімпаздарды осы марапатпен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге жақсылық тілеймін. Мықты денсаулық отбасыңызға бақыт тілеймін. Және де әрбір игі істеріңізхалықымыздың өркендеуі мен еліміздің өсуіне себебін тигізе берсін.

Қанатбек Байманов, «Ақсу – біздің ортақ үйіміз» ҚБ төрағасы:

Менің ойымша бұл өте жақсы бастама. Бұл бір жағынан өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берсе, екіншіден, ұлттық салд-дәстүрімізді жаңғыртуға серпін беретін жоба деп есептеймін.

«Жомарт жүрек» байқауының негізгі мақсаты  - өз елінің болашағына алаңдап, әр тұрғынын өз туысындай көретін қайырымды жандарға қолдау білдіру болып табылады.
Ақмарал Серікбайқызы, Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы:

Жомарт жүрекке қатысып, осындай керемет белгі алып отырғаныма қуаныштымын. Әрине біздің жомарт жүрегіміз кең болғандықтан осы кемтар балаларға ақшалай және заттай өзіміздің қолымыздан келгенінше көмек беріп, ол біздің ел азаматтарының арқасында. Елдің тірлігі бар, бірлігі бар сол елді көтеріп отырған әкіміміз бар артымызда. Солардың арқасында осындай төрге келіп, «Жомарт жүрек» белгісін алып отырғаныма қуаныштымын.

Бұл – меценаттар жасап жүрген игі істердің тек бір бөлігі ғана. Әрине, көзі ашық, көкірегі ояу жандардың осы іс-әрекеттері көпке үлгі болары сөзсіз.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...