ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

11:08, 6 мамыр 2020

Күн жылына облыс жолдарында жөндеу жұмыстары қарқын алды. Биыл шаһарлардың ішкі жолдарымен қатар, ауылдарға қатынайтын қара жолдарға да қада қағылып, сүймен тиді. Биыл, Ақсу мен Ленин кенттері арасын жалғайтын тас жолға орташа жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, ауылдарға кіреберіс аумақтар да ретке келтірілді.

Жолдардың сапасын жақсарту және ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Аудандық маңыздағы жолдарды орташа жөндеу» жобасы аясында  Ақсу мен Ленин кенттері арасындағы жалпы ұзындығы 10.6 шақырым болатын жолда қазір жөндеу жұмыстары қарқынды. Жол тегістеліп, асфальт төселіп жатыр. Жұмысты қолға алған мердігер компания 21 техниканы жұмылдырды.

Әділбек Қасенов, Ақсу қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Жұмыстарға 21 бірлік техника жұмылдырылды. 30 шақты адам жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жол бойына құмды үюде. Одан кейін, жолдардың беткі қабаты реттеледі. Аталмыш жұмыстар кесте бойынша мамырдың соңына дейін жалғасады.  

Жалпы, жолдың жөнделгеніне бәрінен де Айнакөл, Сынтас, Көктас, Қарабай сынды елді мекендердің екі ортада жиі қатынайтын тұрғындары риза.  Сондай ақ, үнемдеу есебінен ұзындығы 500 метр болатын Көктас ауылына кіреберіс жол да жаңартылды.

Сәуле  Кәлімбаева, Көктас ауылының тұрғыны:

Жол істеп берді міне, асфальтированный сондай. Алтыншы ауылдан жетінші ауылға дейін баратын жолымызды. Көптен бері қиналғанбыз. Мына жерге стелла қойды. Ауылға келген машиналар адасып кететін,  жақсы болып қалды. Көшемізге остановка істеді, ауылға кіреберіс жолды асфальтировали.

Сәуірде басталған жұмыстар мамыр айының соңында аяқталады деп жоспарланған. Ал, аталмыш жол жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...