ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды

18:53, 15 маусым 2021

Жыл сайын жаз мезгілінде жоғары сынып оқушыларын еңбекпен қамту ұйымдастырылады. Осыған орай, биыл да еңбек жасағы құрамындағы оқушылар 4 сағат бойы жұмыс жасап, табыс таба алады. Толығырақ алдағы сюжетте.

14 маусымнан бастап Павлодар қаласында жоғары сынып оқушыларының еңбек жасағы жұмыс істей бастады. Олар қаланың саябақтарындағы жасыл желектерді абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Қазір іске 386 оқушы кірісті.

Сағындық Шакенов, қалалық білім бөлімінің бас маманы:

Биыл жұмыс орнының саны 2 есе өсті. Егер өткен жылы 2 маусым бойы 330 оқушы болса, яғни бір маусымда 115 оқушы болды. Биылғы жылы 772 жоғары сынып оқушысы еңбек отрядтарына қосылды.

Әсел Нұрханова биыл алғаш рет сыныптастарымен бірге жұмысқа тартылды. Айтуынша, бұл жұмыс туралы мектептегі ұстаздары айтқан.

Әсел Нұрханова, оқушы:

Осы жерге қатысқым келгені біз қоршаған ортамызды және қаламызды тазартамыз. Бұл маған ұнайды. Және бұл ақшаны мен өзіме жұмсаймын.

Еңбек жасағының жұмысы 2 маусым бойы жүргізіледі. Әр маусым 15 күнге созылады. Оқушылар 4 сағаттық жұмыспен қамтылған. Яғни таңғы 8-ден түскі 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Қолына алатын еңбекақы соммасы 18 000 теңгені құрайды.

 

Бахытнұр Бейсенбай

 

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...