ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен

19:40, 21 қаңтар 2022

Ертең облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкеесі ұйымдастырылады. Мамандар халыққа қажетті өнім түрлері қол жетімді бағада ұсынылады деп отыр. Нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болмақ. Қандай өнімдер, қандай бағада ұсынылады?

Жәрмеңке мақсаты әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын реттеу. Күнделікті сұранысқа ие азық-түлік бағаларын қарапайым тұрғындарға қол жетімді ету. 22-қаңтар күні таңғы сағат 8-ден басталатын жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Ақтоғай, Успен аудандары мен Ақсу қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Әсемгүл Бектұрова, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Шикі сүтті Тереңкөл және Успен аудандары жеткізеді. Картоп пен көкеністі Павлодар ауданы мен Ақсу қаласы ұсынады. Өнімнің бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен. Оның ішінде сиры еті мен қой еті 1700-1900 теңгеден.

Ал, жылқы еті 2000-2200 теңге. 1-санаттағы жұмыртқа 310 теңгеден, шикі сүттің литрі 150 теңгеден болса, картоп пен сәбіз 95 теңгеден сатылатын болады. Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі жалпы облыс бойынша өтеді.

Әсемгүл Бектұрова, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Осындай жәрмеңкелер Ақсу және Екібастұз қалаларында, сондай-ақ, облысымыздың басқа да аудандарында өткізілетін болады. Жәрмеңкеге барған кезде әлеуметтік қашықтықты ұмытпауларыңызды сұраймыз.

Жәрмеңкеде жылқы, қой, сиыр еті, шұжық өнімдері мен күнбағыс майы, бал мен сүт, көкеніс түрлері сияқты өзге де қажетті азық-түлік түрлері сатылады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...