ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жер үйлер жылыту маусымына қаншалықты дайын?

23:15, 26 қыркүйек 2021

Павлодар қаласында соңғы бірнеше жылдың ішінде әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 200-ден астам улы газды анықтайтын датчик орнатылған. Төтеншеліктер тағы 40-қа жуығын қоюды жоспарлап отыр. Бұның барлығы рейд барысында белгілі болды.

Күн суытып, жылыту маусымы басталды. Жеке тұрғын үй секторындағы  үйлерге датчиктер орнату жұмыстары жылдағыдай қарқынды. Бүгін төтеншеліктер жер үйлерді аралап, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

2021 жылдың 9 айында  облыстағы жер үйлерде 300-ден аса өрт жағдайы тіркелген. 11 адам қаза тапқан.  Оның ішінде 1 бала бар. Бүгінгі рейд барысында үйлерге пеш алдындағы темір қаңылтырлар орнатылды. Павлодар облысында жыл басталғалы тұрғын үй секторынан 307 өрт шыққан. Материалдық шығын 21 млн теңгеден асады. Үш жылдың ішінде облыста әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы 242  отбасыға датчиктер орнатылған. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Тлекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:

Осы рейдке байланысты әлеуметтік осыал топтағы пеш алыдна 50*70 теміп табақша орнатылып жатыр. Бұл тегін шара. Соынмен қатар, улы газ датчиктерін орнатып жатырмыз.

Айта кетейік, Павлодар қаласындағы жеке сектордағы үйлерге тағы 40-тан астам датчик қойылатын болады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...