ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Жер планетасындағы жақсылық»

17:28, 4 тамыз 2022

Жаз мезгілі кезінде балалардың бос уақытын қамтып, көңілді өткізу үшін қаламыздың №36-ші мектеп алаңында қала балабақшаларының қатысуымен «Жер планетасындағы жақсылықтар» атты тартысты ойын өтті. Іс шара Балалар жылы аясында ұйымдастырылды.

«Жер планетасындағы жақсылық» мерекелік шарасына қаламыздың балабақша бүлдіршіндері қатысты. Бірі ән айтып би биледі. Енді бірі гимнастикалық жаттығулар жасап, тапсырмаларды орындады. Басты мақсат балалардың бос уақытын қамтып, әлеуметтік ортаға бейімдеу.
Саяра Асқарова, №30 балабақшаның әдіскері:
Осы орайда Павлодар қаласының 1,9,30,104,111, 112 сәбилер балабақшалары арасында жер планетасындағы жақсылық атты іс шара ұйымдастырдық. Балалардың денсаулықтарын қорғау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында балаларға іс шара ұйымдастырдық. Бұл іс шара барысында балабақша аралдар ұйымдастырып, балалардың көңілдерін көтеріп, денсаулықтарын нығайтуда көптеген іс әрекеттер жасалды.
Спорттық эстафеталар, сабын көпіршіктер шоуын тамашалады. Сондай-ақ  слайм материалынан бұйымдар жасады. Қолданбалы өнер саласындағы балғындар аналарына әшекей бұйымдар құрастырды.  5 жастағы Қайыржан Мұратбек фестиваль барысында анасына өз қолымен сырға жасады.
Қайыржан Мұратбек, №1 балабақшаның тәрбиеленушісі:
Мен балабақшаға барамын. Менің есімім Қайыржан. Мен өз қолыммен анама сырға жасадым. Мен анамды жақсы көремін. Мен анамды сағынамын. Бүгін біз ойнадық. Доп тептік. Ойнадық. Секірдік.жүгірдік, доп тептік.
Бүлдіршіндер ашық алаңда  уақыттарын пайдалы әрі тиімді өткізді. Осы сынды қызықты әрі пайдалы шаралар алдағы күндері де өткізілетін болады.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...