ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жемқорлықтың жазасы - қатаң

20:24, 16 мамыр 2022

Павлодар облысының жемқорлықпен күрес қызметінде пара беру бойынша қылмыстық істер аяқталды. Енді заңбұзушылар айыппұл төлеуі қажет, әйтпесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жемқорлықпен күрес қызметінің ақпаратынша, 11 және 29 желтоқсан аралығында жеке кәсіпкер Ақтоғай ауданының қаржы бөлімінің басшысына 279 632 мың теңге көлемінде пара берген. Осылайша ол Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелерімен сатып алу келісімшартына отыруды көздеген. 

Ахат Ташенов, облыстық жемқорлықпен күрес қызметі басқармасының тергеушісі:

Соттың үкімімен Ақтоғай ауданының қаржы бөлімінің басшысы кінәлі деп танылды. 11 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Пара берген жеке кәсіпкер 4 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Өмір бойына мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Үкім заңды күшіне  енген жоқ.

Тағы бір іс аяқталды. 2021 жылы Павлодар қаласы полиция басқармасы миграциялық қызметінің бөлім бастығының орынбасары Өзбекстан Республикасының азаматынан 162 мың теңге көлемінде пара алған. Осылайша азамат уақытша тіркеу анықтамасын алып, миграциялық режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болған. 

Ахат Ташенов, облыстық жемқорлықпен күрес қызметінің тергеушісі:

Павлодар қаласы полиция басқармасының миграциялық қызметі бөлімі бастығының орынбасарына ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бөлігі 336 бабына сәйкес іс аяқталды. 2022 жылдың 26 сәуірдегі №2 қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Егер сіз жемқорлық, пара беріп-алу жағдайларына куә болсаңыз, 1424 нөміріне хабарласуға болады. 

 

Самал Қалиқызы, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар