ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жемқорлыққа жол жоқ

22:58, 9 қыркүйек 2021

Жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлықтың 50 фактісі тіркелген. Қазіргі таңда жемқорлық деректерін болдырмау немесе санын азайту мақсатында түрлі жобалар жасалып жатыр. Солардың бірі онлайн форматтағы жиындар. Облыстағы басқарма басшыларының басын біріктірген жиында аталмыш бағыттағы сұрақтар талқыланып, жоспарлар түзілуде.

Ең біріншіден, мемлекет басшысының тапсырмасына негізделген шараларды жүзеге асыру керек. Себебі, Президент өз кезегінде жемқорлық фактілерін уақытынан бұрын анықтау керектігін ескерткен болатын. Өйткені, пара алу мен пара беруді тек бір ғана сипатпен анықтауға келмейді.

Ернар Баянғазин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің басшысы:

Өздеріңіз білетіндей жемқорлық дегеніміз – сан саланы қамтиды. Тек бір ғана сипатпен анықтау мүмкін емес. Сондықтан, жан-жақты болуымыз керек. Сондықтан былтырдан бері аталмыш бағыттағы заңнама бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Мамандар жемқорлық деректерінің көбеюін жалақының аздығымен байланыстырады. Бірақ, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2019 жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жемқорлық фактілерін анықтаудың жаңа тетіктерін ойлап тапқан. Соның арқасында республика көлемінде үздіктер қатарына ілігіпті.

Ернар Баянғазин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің басшысы:

Соңғы кездері жауапкершілік те артып отыр. себебі, қазір жемқорлық фактісі анықталған жағдайда тек пара алған адам ғана емес, оны ұсынғандар да жауапқа тартылады. Сонымен қатар, ортада жүрген делдалдар да жазасыз қалмайды. Сондықтан біз бүгін осы проблеммаларды талқылап, шешу жолын қарастырудамыз.

Бүгінгі онлайн конференцияның негізгі мақсаты сол – жемқорлықтың алдын алу. Күрес жүмыстарына қоғам белсенділері мен жастарды көбірек тарту керек,-дейді мамандар.

Ернар Баянғазин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің басшысы:

Біздің негізгі мақсатымыз – барлық санаттағы тұрғындарға пара алмау керектігін түсіндіру. Және бұл бағытта бізбен бірге жұмысла жұмыс жасауға шақыру. Өйткені, қазір қай саланы алмасаңыз жемқорлық дерегі дендеп тұр.

Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары да ықпал еткен. Соның арқасында жыл басынан бері 50-ге жуық деректің беті ашылыпты. Мамандар алдағы уақытта бұл көрсеткішті біршама төмендетуді көздеп отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...