ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Желтоқсан ызғары

22:31, 24 қараша 2021

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл мерекеде тек қуаныштың көз жасы емес, сол кездегі жас өрімдердің қыршыннан үзілген өмірі көңілге мұң түсіреді. Потанин атындағы тарихи өлкетану мұражайында бүгінгі тәуелсіз елді сыйлаған қаһармандардың құрметіне көрме ашылды.

«Желтоқсан ызғары» көрмесінде - ХХ ғасырдың 80 жылдарындағы Алматы қаласының Л.И. Брежнев атындағы алаңы саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен тұрған Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Кенжегүл Молданазарова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзақұл Әбдіқұлов, Ләззат Асанова және Павлодар өлкесінің  қаһармандары жайлы ақпарат беретін фотосуреттер, кітаптар және жеке мұрағат құжаттары  ұсынылды.

Амантай Құдабаев, желтоқсаншы:

Сол кездегі өрімдей жастардың қыстын суығында алаңға шығып, орталық комитеттің қате шешіміне қарсы тұрып,  тек қана біздің елдің ғана емес бүкіл қазақ халқының намысын қорғады. Қазақ өзі намысшыл ұлт. 01:04 + 01:26 Желтоқсан оқиғасын айтқан кезде сол күнгі аяздың суығында балалардың ішкі әскерлердің бізге қарсы қолданған, өрт сөндірушіт мәшинеден су шашып, бәрімізді аяғымыздан тайдырып, тепкілеп таяқтын астына алғанда, сонда да біз алған бетімізден қайтпадық.

Сонымен қатар, көрмеде Колбиннің кабинеті театрландырылған көрінісі және  Желтоқсан көтерілісі жөнінде «Аллажар», «Қызғыш құс» кинофильмдері көрсетіледі.

Рүстембек Қалымқұлов, Потанин атындағы тарихи өлкетану мұражайының меңгерушісі:

Бұл іс-шарамыз нақты сценария бойынша ең алғашқы рет 69-70 жылдары Павлодар облысының жастар ұйымының көтерілісін қозғай отыра 86 жылғы желтоқсан оқиғаларына тарихын жалпылама насихаттау ету мақсатында істелініп жатқан жұмыс.

Шараға желтоқсаншылар қатысып, жиналған студенттерге сол кездегі ұлт үшін күрескен аяусыз сәттерімен бөлісті. Талай қазақ қыздары мен жігіттерін  алып кеткен «Желтоқсан ызғары» мәңгі есте қалады. Ал, бүгінгі жас ұрпақ үшін батырлар ерлігі өшпес үлгі.  Көрме 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Мөлдір Сағидолла

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...