ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Железин ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

08:36, 17 қараша 2021

Железин ауданының экономикалық дамуының негізгі бағыты ауылшаруашылығы болып табылады. Саланың жалпы ішкі өнімі 22 млрд 766 млн теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,3 пайызға артық. Барлық бағыт бойынша өсім байқалады. Мұны диқандардың еңбегінің нәтижесінен аңғаруға болады. Железин ауданындағы экономикалық ахуал туралы келесі сюжетте.

Железин ауданы облыс бойынша тірек аудандардың бірі. Ауылшаруашылығын алға қойған. Соның ішінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы жақсы дамыған елді мекендер қатарында. Биылғы жылы ауданда 184 387 гектар аумақ игерілген. Егін шаруашылығын дамыту мақсатында 38 жоба қаржыландырылған. Жоба құны 460 млн теңгені құрайды.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі:

Олардың ішінде АгроБизнес бағдарламасы бойынша 90 млн теңге. «Іскер» 15 млн, АгроТехника 190 млн. және «Кең дала» 165 млн теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, мал шаруашылығы бойынша да өсім бар. статистика бойынша ауданда 27 мыңнан астам ірі қара өсіріледі. Оның 14 мыңнан астамы сиыр. Ал, қой шаруашылығында 36 мыңнан астам тұяқты бар.

Железин ауданында 16 орталықтандырылған су жүйесі бар. жалпы ұзындығы 193,4 шақырымды құрайды. 11 шағын ауылдарда кешенді блок модуль орнатылған. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылуына септігін тигізеді.

Аудандағы ауыл ел бесігі бағдарламасының да әлеуеті зор. Бұл бағдарлама шеңберінде 3 ауылда 10 бірде жоба іске асырылып жатыр. бұл Михайлова, Башмачное және Церковное ауылдары.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі:

Қазіргі таңда бұл жобалардың 5-і толық аяқталды. Енді Ценкрвное ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Келісімшарт бойынша нысан 2021 жылдың 25-ші қарашасында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. әзірге ешқандай кешігу жоқ. Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын.

Жалпы аталмыш аудан бойынша халықты жаппай вакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. қазіргі таңда аудан тұрғындарының 75 пайызы екпе алды. Десе де, Железин ауданы әлі де қызыл аймақта. Аудан әкімінің сөзінше аптасына 7-8 адам вирус жұқтырады екен. Бұл бағытта ақ халаттылар аянбай еңбек етіп жатыр,-дейді спикер.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
18:04, 17 тамыз 2022
Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...