ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жеделсатылар жаңартылып жатыр

23:15, 4 мамыр 2022

Павлодар қаласында лифтілердің 70 пайызы ескірген. Биыл алты жеделсатыны ауыстыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы Назарбаев 81-дегі үймен қатар, 1 мамыр көшесі 284-ші үйдің 1, 5 подъездерінің лифттері де ауыстырылды. Осылайша былтыр 4 жаңа жеделсаты орнатылды. Ал, биыл Малайсары батыр 8, 10, Назарбаев көшесі 32, Набережная көшесі 3-тегі жеделсатылар жаңартылады. 

Асылбек Жұмабеков, тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:

Бүгінгі күні  жергілікті бюджеттен қаладан 6 лифтті ауыстыру жобасы бойынша қаржы бөлінді. Соным ен қатар 4 лифтке ПСД әзірлеуге ақша бөлінді. қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама Нұрлы жер аясында жұмыстар жүргізілуде. Ескі лифтілерді өзінің жұмысы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй инспекциясындағы мамандардың сөзінше, шаһарда 1610 лифт болса, олардың 70 пайызы ауыстыруды қажет етеді. Лифтті жаңарту туралы өтінішінде тұрғындардың 3-тен 2 бөлігінің рұқсаты болуы керек. Айта кетейік, көпқабатты үйлерде жеделсатыларды ауыстырумен бірнеше мердігер ұйым  айналысады.  

Асылбек Жұмабеков, тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:

Бірнеше организациялар бар. Олар алдында жұмыстармен айналысқан. 

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары 1,5-2 ай уақыт ішінде жүргізіледі.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар