ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жазушылар одағы қонаққа келді

01:55, 17 қыркүйек 2021

Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан жазушылар Одағының мүшелері келді. Одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің қатысуымен Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жазушылар одағының шаһарамызға келген мақсатын тілшіміз тарқатсын.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Павлодар қаласында  Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің қатысуымен  іс-шаралар өткізілуде.  Зиялы қауым өкілдері алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, дөңгелек үстелде бас қосты.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:

Сапарымыздың басты мақсаты, жазушылар одағының мүшелерімен Ертіс-Баян өңіріне келіп, мына қазіргі әдебиеттегі процесс жайлы, осы қаланың ақын-жазушыларын жинап, жүйелі түрде алға мақсат қою үшін келдік. Сонымен қатар, кезінде талай ғұлама-академик, ақын шыққан, дарындылар  шыққан елді-мекеннен, қазіргі таңда, мықты жас жазушылар, потенциалы мол таланттар шығып келеді. Күрт өсу байқалады.

Сонымен қатар, кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Әлдібеков Бақыт Беделханұлы және Нұр-Сұлтан қалалық Жазушылар одағы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы қатысты. Іс-шара барысында, өңірдегі жазушы, Арман Қанидың «Туған жер төсінде» және қаламгер Ғалымбек Жұматовтың «АнтиВИРУС» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Жарқынбек Амантай, жазушылар одағы ПОФ директоры:

Тағы бір қуанышты жаңалық, бұрын соңды болдыма білмеймін. Біздің өңірімізден 6 бірдей жазушы Жазушылар одағына мүше болып тағайындалып жатыр. Бұл біз үшін қуанышты, тарихи жағдай, Ертіс-Баян өңірінің жаңа әдебиет парағы ашылғалы тұр деген ойдамын. Алдағы уақытта осы қаламгерлерден қазақ әдебиетіне сүбелі еңбек болып қосылатын туынды күтеміз. Бұл бір есептен артылып отырған жауапкершілік, осы жауапкершілікті абыроймен алып шығатын лайықты азаматтар алып жатыр дегенге сенімдімін.

Шара барысында, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде «Жазушы Рамазан Тоқтаров және бүгінгі әдебиет» атты дөңгелек үстел мен «Әдебиет алыбы» атты көрме ұйымдастырылып, оған өңірлік жас ақындар қатысты.   

 

Құдайберген Бердімұрат

 

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...