ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жаяу Мұса ауылында мешіт ашылды

17:01, 5 тамыз 2022

Баянауыл ауданы, Жаяу Мұса ауылында мешіт ашылды. Имани орда ауыл тұрғындары мен сыртта жүрген ауыл тумаларының жинаған қаржысына салынды. Мешіттің ашылу салтанатына орай елді мекенде сабантой да ұйымдастырылды.

Шәмен ата атындағы  мешіттің құрылысы былтыр аяқталған болатын. Пандемияға байланысты тұсаукесері осы уақытқа дейін шегерілді. 3 жылда бой көтереді деп жоспарланған мешіт 8 айдың ішінде салынып бітті.  Аумағы 250 шаршы, биіктігі 18 метр зәулім де көз тартар мешітке бір уақытта 200-ден аса жамағат сияды.

Жолдас Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы:

Бұл нені көрсетеді. Сіздердің бірліктеріңізді, ынтымақтарыңызды. Алланың нұры жаусын сіздерге 

Мешітке аты берілген Шәмен ата қасиетті емші, көріпкел жан болған.  Шын есімі – Қабдұл Жәлел Қасым ишан ұлы. Халық құрметтеп Шәмекең атап кеткен.  Бұл күні тәуіптің шапағатын көрген жандар естеліктерімен бөлісті.

Ерекше тұлғаның елге тигізген осындай шапағаты мен тылсым қасиеті жайлы жазылған «Шәмен ата» атты  кітаптың да тұсауы дәл осы күні кесілді. Оны жарыққа шығарған киелі жанның жиені Болат Байпақбайұлы.

Мешіттің ашылуына орай ауыл сыртында ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, дүбірлеген думанды той өтті. Ас берілді. Ойдағы ел мен қырдағы елмен араласып, мәз болысқан жиынға 3 мыңға жуық адам жиналды. Ақындар айтыстың аламанында сөз қағыстырды.

Тойға алыстан ат арытып келген Шәмші Қалдаяқов атындағы Шымкент облыстық  филармониясының  күміс көмей әншілері көптің көңілін серпілтті. Құрылтай қазақша күрес, қошқар көтеру, тұлпарлар бәйгесімен жалғасты.

 

Гүлсара Мәлікова

 

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...