ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жасыл көшеттер аптасына екі рет суарылады

22:37, 13 мамыр 2022

Қала көркі - жасыл көшеттер мен гүлдер. Оларға ерекше күтім қажет. Коммуналдық қызметтер өсімдіктерді баптап, аптасына екі рет суару жұмыстарын жүргізбек.

Жасыл желектер үш учаскіге  бөлініп суарылады. Назарбаев данғылы, сондай-ақ үш мердігерлік ұйым Шығыс және Батыс бөліктерінде қызметтер атқарады. Бұл мақсатқа бюджеттен 641 млн теңге бөлінді. Су тасып, суаратын 12 көлік жұмыс істейді. Биыл  суару үрдісі өзгерді. Оған 54000 текше метр су кетеді.

Арслан Қалияқбаров, қалалық түкш бөлімінің басшысы:

Бұл сомаға осы көшеттерді қалпына келтіру соның ішінде суары жұмыстары да қарастырылған болатын. Осы жылы өткен сезонға қарағанда су құатын машиналар көбейтілді. Өткен жылы 6 машина болса, биыл 12 автокөлік жұымс істейтін болады. Жалпы инвентарциясы жұмысы бойынша біздің қаламызда 97 жасыл ағаштарымыз бар екен. 12 мың данасы бүгінгі күні суаруға тиісті екен. Сол жұмыстарды атқарып жатырмыз.

жасқа жетпеген  көшеттер  суарылады. Түсірілім жүргізілген саяқбақта құбыр жүйесі бар. Бірақ іске қосылмаған. Алдағы уақытта бұл мәселе шешілетін болады.

Арслан Қалияқбаров,  қалалық түкш бөлімінің басшысы:

Жалпы өткен жылмен қарасақ суарудың жиілігі бірнеше мәрте артқан болатын. Егер де өткен жылы біз екі ай ішінде айына екі рет суарсақ, биыл мерзім екі айдан 5 айға ұзартылып, аптасына екі рет суарылатын болады.

Арслан Қалиақбаровтың айтуынша, қалада ағаш отырғызу жұмыстары жалғасады. Жоспарға сәйкес бүгінде 20 000 мың ағаштың 1500 көшеті егілген. Жасыл желектің басым бөлігі «Спорт-Сити» ауданында салынады. Бір айта кетерілігі, суару жұмыстары 1 қазанға дейін жалғасады.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Мұрат Әбілмәжіт

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...