ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Жасыл ел» жасақтары қаланы абаттандыруда

17:56, 4 шілде 2022

«Жасыл ел» жастар жасағының сарбаздары іске кірісті. 1 шілдеден бастап экология отрядтарының қатысушылары қала көшелеріне гүл отырғызып, оларды суарып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Осы ретте экологиялық жасақ орталық мешіт маңындағы гүлзарларды абаттандырды.

«Жас келсе іске»  демекші студенттер мен жұмыссыз жүрген жастар  орталық мешіт алаңында гүл отырғызып, алаңды тазалады. Экология жасағының сарбазы Алина Жаңатұрмысованы қоршаған орта мәселесі алаңдатады. Халық көп жағдайда өзі тұрып жатқан мекеніне немқұрайлы қарайды дейді жас эколог.

Алина Жаңатұрмысова, экология жасағының сарбазы:

Қоғамда болып жатқан басты проблема бұл экологияның бұзылуы. Мен өз үлесімді қосу үшін Жасыл елге келдім. Жасыл елген келген соң біз Павлодарпдың әрбір гүліне күтім жасадық. Суардық, сонымен қатар өзіміздің қосып, табиғатымызды аялап, құрметтедік.

2005 жылдан бері елімізде жүзеге асырылатын бұл бастама сәтті орындалып келеді. 18-ші  маусымда 2000 мыңна аса студент еңбек етеді.  Жастар гүл отырғызып, қала көшелерін тазалап,  кәсіпорын,  тұрғын үйлердің құрылысына қатысып, үш бағытта жұмыс істейді.

Русана Самекова,  «жасыл ел» жастар еңбек жасағының командирі:

Осы жасақтың сарбаздары 16 жастан бастап 29 жасқа дейін. Әсіресе осы сарбаздардың көбісі колледждерджің студенттері және де олардың жалақылары осы жұмысқа байланысты болады. Әртүрлі бағыттарға байланысты. Мысалы айтатын болсақ осы жасақ 70 мыңнан астап жалақы құрайды. Олардың жұмыс кестесі сенбі, жексенбі демалыс. Және де 8 ден күндізгі 14.00 ге дейін жұмыс істейді.

Тұрғын үй коммуналды қызмет бөлімімен бірлесе отырып 400 студент қаланы абаттандыру жұмыстарына ат салысады. Олар еңбек етемін деген адамға әрдайым жұмыс бар дейді.



Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...