ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЖАСТАРҒА ЖАСАЛҒАН МҮМКІНДІК

11:30, 24 қаңтар 2020

Оқу орнын жаңа бітіріп, қолына диплом алған жастың мамандығына сәйкес жұмысқа орналасуы қиынның қиыны. Кейбір мекемелер жас маманды «тәжірибесі жоқ» деген желеумен жұмысқа алғысы келмейді. Сонымен, қолында дипломы бар, бірақ жұмыс таба алмай жүрген жастарға мемлекет қандай көмек ұсынады?

Мұстахин Шыңғысхан 2014 жылы Моңғолия елінен Павлодарға білім іздеп келген қандасымыз. Былтыр жоғары оқу орнын бітірген ол, бірнеше ай жұмысқа орналаса алмаған. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген жас маман  «Жастар тәжірибесі» бойынша бүгінде облыстық «NUR OTAN» партиясында тәжірибеден өтіп жатыр.

Мұстахин Шыңғысхан, жас маман:

2019 жылдың тамыз айында жұмыспен қамту орталығына бардым. Орталық мені 6 ай тәжірибе өтуге жіберді. Қазір облыстық «NUR OTAN» партиясында тәжірибе өтіп жатырмын. Мұнда барлығы жақсы. Ұнап жатыр. Жұмысым өзімді қызықтырады. Барлық органдармен, жастармен, қариялармен жұмыс жасауды ұйреніп жатырмын. Барлығы жақсы. Мұнда жұмыс істегім келеді.

Жастар практикасы — жаңадан оқу орнын тамамдаған жас маманға алдымен тағылымдамадан өтіп, кейін маман болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Бағдарламаның игілігін көріп отырған Мұстахин, өзге елдегі бауырларын да Атажұртқа тартып, бауырға баспақ ниетте.

Мұстахин Шыңғысхан, жас маман:

Павлодарға келіп, оқып, осы жақта тұрамыз деген ойымыз бар. Павлодарда қалып, Қазақстанға бір еңбегімізді сіңіргіміз келеді. Ата-анамыз солай тапсырма беріп, жіберді. Отандарына оралындар, азаматтықтарынды алындар деп айтты.

Бағдарламаның мерзімі алты ай. Осы аралықта жас маман тәжірибе жинақтайды. Өзін жақсы қырынан көрсете алса, сол мекемеде жұмыста қалу мүмкіндігі басым. Көп нәрсе үміткердің өзіне байланысты.

Илья Теренченко, облыстық «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің есігіміз жастар үшін әрқашан ашық. Көп жылдар жастармен жұмыс жүргізіліп келеді. Біз оларды үйретіп, тәжірибемізбенбөлісуге әрқашан дайынбыз. Жұмысқа аламыз нмесе бағыт-бағдар береміз. Жастарға өз-өзін көрсетуге мүмкіндік берген жақсы, әрине.

Жұмыспен қамту орталығы қаладағы бірқатар ұйыммен келісімшарт жасады. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, түрлі компаниялар бар. Біз жастардан әуелі қай ұйымға тағылымдамаға барғысы келетіндерін сұраймыз және тілектерін ескере отырып, белгілі бір ұйымға жібереміз – дейді сала мамандары.

Аманбек Ұнатұлы, қалалық жұмыспен камту орталығы директоры орынбасары:

Қазіргі таңда әрине, қолына диплом алғаннан кейін мамандық бойынша жұмысқа орналасу өте қиын әрбір жерде. Өйткені қандай да бір тәжірибе керек. Бұны ескере отырып, Шыңғысхан Мұстахинді облыстық «NUR OTAN» партиясына орналастырдық. Былтыр қыркүйек айынан бастап, өңірлік квотаға енгізіп, көші-қон бойынша тиісті көмегін алып отыр.

Биыл ЖОО-ын тәмамдаған 285 түлекті жастар тәжірибесінен өткізу жоспарланған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 317 адамды құрады. Олардың жартысынан көбі тұрақты жұмыс орналасқан.  

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
14:06, 25 ақпан 2020
ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...