ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

«Жас Ұлан – 2021» әскери-спорттық жарысы өтті

10:44, 14 қазан 2021

Облыс орталығында «Жас ұлан-2021» әскери-патриоттық жарысы өтті. Турнирге қала және аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Толығырақ тілші материалында.

Жастардың патриоттық сезімі мен рухани байлығын арттыратын жарыс жыл сайын өткізіледі.  Отан алдындағы борышын өтеуге қазірден бастап дайын екенін көрсеткен оқушылар бір-бірімен иық тіресе сайысты.

Бақтияр Түсіпов, аймақтық дене шынықтыру орталығының басшысы:

Негізгі осы жарыстың мақсаты Қазақстан патриотизміне тәрбиелеу, балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты спорт түрін насихаттау болып табылады.

Аталмыш шараға құрамы 6 қатысушыдан тұратын 14 команда қатысып отыр. Әскери киім киіп, қолдарына автомат ұстаған өрендер бұл жарысқа тыңғылықты дайындалғаны байқалды.

Мирас Ардабек, қатысушы:

Осы шараға келіп қатысқаныма қуаныштымын өте. Өте керемет ұйымдастырылған іш-шара. Балаларды алдағы әскерге дайынтауға ұйымдастырылған іс-шара керемет өтіп жатыр. Енді үлкен нәтиже күтеміз өзіміздің дайындығымыздан.

Жарыс ережесіне бойынша команда мүшелері жарысқа әскери киім үлгісімен қоса өз жеке туларымен қатысуы тиіс. Ұйымдастырушылардың сөзінше, әскери өмірдің жауапкершілігі мен маңыздылығын қазірден бастап түсіндіру қажет.

Дәрмен Есмағанбетов, дене шынықтыру орталығының әдіскері:

Бүгінде «Жас-сарбаз» облыстық әскери спорт ойыны өткізіліп жатыр, жоспар бойынша. Бұл жарыста бізде пневматикалық мылтықпен ату және де автоматты жартылай бөлшектеп жинау, оқ-жатарды оққа толтыру және бостау сайысы бар. Содан кейін кермеде тартылу және әскериленген кросс.

Құдайберген Бердімұрат, тілші:

Шара ұйымдастырушыларының баяндауынша аталмыш сайыс ұлағатты ұрпақтардың патриоттық сезімі мен рухани байлығын дамытып, ел борышын қазірден бастап түсінуді дәріптейді.

Облыстық әскери спорттық ойын тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша қалалар арасында 1- орынды Ақсу қаласы, 2-орынды Павлодар және 3-орынды Екібастұз қаласының командасы иеленсе, аудандар арасында 1-орынды Май ауданының командасы, 2-орынды Успен және 3-орынды Шарбақты ауданының командалары иеленді. Жоба жеңімпаздары көктем айында өтетін Республикалық жарысқа жіберіледі. 

 

Құдайберген Бердімұрат

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
19:40, 21 қаңтар 2022
Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
Толығырақ...
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
19:31, 21 қаңтар 2022
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...