ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жас құтқарушылар жарысы өтті

20:23, 19 мамыр 2022

Облыс орталығында жас қорғаушылардың жарысы өтті. Балалар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білімі мен біліктілігін ортаға салды. Үздіктердің үздігі республикалық деңгейде бақтарын сынайды.

Облыстың 11 ауданының оқушылары адамдардың өмірін сақтап қалу, медициналық көмек көрсету бойынша бақтарын сынады. Қатысушылар түрлі сынақтар мен кезеңдерден өтіп, үздік болуға ұмтылды.

Людмила Браун, жарыс қатысушысы (Екібастұз қ.):

Маған адамдарды құтқарған ұнайды. Өз мамандығымды осымен байланыстырғым келеді. Бұл мен үшін өте жауапты да қызықты мамандық.

Жарақаттанған, суға кеткен адамға көмек ұсыну, өрт сөндіру формасын кию, кедергілер алаңынан өту сынды кезеңдер болды. Жалпы 5 кезеңнен өту керек.  Балалар барлық берілген тапсырмаларды абыроймен орындады.  

Кайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының орынбасары:

Алдымен қабырға газетін жасау керек. Әр команда өз ұранын айтып, күрес алаңына аттанады. Суға кеткен адамды құтқарады, түрлі төтенше жағдайларда өз-өзін ұстау деңгейін көрсетеді.

Қатысушыларға кедергілерден жүгіру сайысы ең қиын болған сынды. Командадан 7 адам қатысады. Сайыс қорытындысы бойынша бір команда ғана облыстың абыройын республикада қорғайтын болады.

 

Самал Қалиқызы,  Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...