ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жас құтқарушылар ант қабылдады

23:28, 4 мамыр 2022

Жас құтқарушылар ант қабылдады. Осылайша төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатары толықты. Шараға ардагерлер де қатысып, ант қабылдаушыларға сәттілік тіледі.

Құтқарушы қызметінің маңызы қашанда айрықша болмақ. Қай уақытта болмасын азматтардың өміріне әр түлі жағдайларда қауіп төнеді. Ал, бұл қауіпті тек құтқарушы мамандар ғана сейілтпек. Бүгін Павлодар облысының төтенше жағдайлар қызметінің 11 маман салтанатты түрде ант берді.

Балға Жәкішев, азаматтық қорғау кіші сержанты:

Ант қабылдау рәсіміне келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Бұл жұмысқа келген себебім нағыз ер азаматқа лайық қызмет деп ойлаймын. Ең адал, табысты жұмыс. Әр жігітке халықты құтқару, көмектесу абырой деп ойлаймын.

Төтенше жағдайлар мекемесіне қызметке тұру үшін әуелі әскери билет, сосын дәрігерлік тексеру мен тест сынақтарынан өтеді. Одан кейін төтенше жағдайлар мекемесінің арнайы қысқа мерзімдік оқуынан өтулері керек.

Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:

Тек сосын барып ант қабылдайды. Ант қабылдағаннан кейін өзінің арнайы орынына барып, маманы бойынша жұмыс атқарады. Бүгінгі мына жас маман деуге болады. Адал түрде қызмет атқарамыз деген.

Ант беру шарсына ардагерлер де қатысып, жас қызметкерлерге табыс тіледі. Шара соңында даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар