ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жас кәсіпкерлерге 5 млн теңге берілді

22:57, 4 мамыр 2022

Облыстағы 7 жеке жас кәсіпкер мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Қазына қаржысы қатаң іріктеуден өткен азаматтарға берілді. Бұл қомақты қаржыны нендей кәсіпке жұмсамақ?

Қазір елімізде ісін өрге домалатып, кәсібін ашамын деген бизнесменге мемлекетен қолдау бар. Ақпан айында кәсіпкерлік басқармасына өңір тұрғындарынан 163 өтініш келіп түскен. Комиссия шешімімен 7 азаматқа қомақты қаржы берілді. Олардың қатарында Аққулы ауданының жас кәсіпкері Әділғазы Момынғазы бар. Ол мал басын көбейтіп, сүт өнімдерін шығармақ. Енді қайтарымсыз түскен грант ақшасына құрал жабдықтар сатып алмақшы.

Әділғазы Момынғазы, жеке кәсіпкер (Аққулы ауданы):

Енді қайтарымсыз ақша 5 млн алып жатқанымыз оборудование, сүт өнімдерін істейтін оборудование таң охолодитель, дояльный аппараттар сипоратор аламыз. Үкіметтен беріп жатқан грант сомасына. Сүт өнімдеімен Аққулы ауданын өзіміздің ауылды қамтимыз, жұмыс орындар ашылады. 1 оператор, 2 доярка, малды қарайтын адам.

Ал, Екібастұз қаласының тұрғыны Сымбат Махмет қайтарымсыз грантты гидропондық жасыл жем өсіруге алды. Экологиялық таза өнім сұранысқа ие дейді.

Сымбат Махмет, жеке кәсіпкер (Екібастұз қаласы) :

Гидропондық жасыл жем  өндірісі дегеніміз бидайды өндіру өте оңай және экологиялық таза өнім болып келеді. Гидропонды жасыл жемді  өнім мал шаруашылығында, құс шаруашылығында, шошқа шаруашылығында жем ретінде қолданылады. Негізгі жақсылығы бұл еттің өнімі өседі және де қара малда сүттің өнімі өседі. Оған қарағанада малдың терісінің түсі өзгереді. Өйткені гидропонды жасыл өнімде витаминдер өте көп.                                                          
Қайтарымсыз грант, яғни 5 млн теңгенң алуға тек 29 жасқа дейін жас бизнесмендер қатыса алады. Негізгі үш бағыт ескеріледі. Бұл жобаның өзектілігі, бәсекеге қабілеттілігі және дайындық.  

Дархан Ермағамбетов, кәсіпкерлік және индустриалдық инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:    
Мемлекеттік гранттар беру экономиканың басым секторларына беріледі. Және гранттар өтеусіз 5 млнға дейін жалпы  осы жылға 89 млн теңге бөлінген болатын. Оның 39 млны жастарға яғни осы наурыз сәуір айларында конкурс өткізілген болатын. Осы жобаларды іріктеу конкурстық комиссия арқылы жүзеге асырылған.

Қалған 50 млн теңге ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында бөлінеді. Онда да конкурс ұйымдастырылып, бизнес жобалар іріктеледі. Бір айта кетерлігі, қаражат республикалық бюджеттен бөлінді.

 

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар