ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жас инспекторлар слеті өтті

22:14, 25 мамыр 2022

Облыс орталығында жас жол инспекторларының слеті өтті. Жарысқа аймақты қала мен аудандарынан 130 бала қатысты.

Олар 7 номинация бойынша тапсырма орындады. Қатысушылар«Сапта жүру», «Жол қозғалысы ережелерінің белгілерін білу», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу»,  «Жас реттеуші», «Эрудиттер сайысы», «Жас санитар»  кезеңдері бойынша жарысты. Шараның мақсаты - балаларды жол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру және жол апатын алдын алу.

Нұржан Бейсенбеков, взвод командирі:

Қазір балалардың қатысуымен жол апатының орын алуы жиілеп кетті. Балалардың жарақат алу санын қысқартуымыз керек. Іс шарада біз мектеп оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндіріп, белгіленген жерде өту керектігін жеткіздік.

Әр топтың белгілі бір түсте формасы  болды. Железин ауданынан келген құрама ашық аспан реңін таңдаған. Сап түзеуден өнер көрсеттіп, үздік атанды.

Егор Елишев, қатысушы (Железин ауданы):

Іс шара біз үшін өте маңызды. Біз жол жүру ережесін бұзбай, қауіпсіздік сақтауымыз керек. Және де балғындарға  насихаттауымыз жөн.  Бұл біздің өмірімізде  өте қажет.
Слет полиция департаменті және білім беру басқармасымен  бірлесіп ұйымдастырылды. Жүлдегерлерге әр номинация бойынша  диплом мен сыйлықтар табыс етілді.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар