
Павлодар қаласында жарықтандыру жұмыстары биыл да тиісті деңгейде жалғасады. Әсіресе аулаларды жарықтандыру қардын алмақ . Бұл мақсатқа биыл 340 млн теңге бөлінген.
Аулаларды жарықтандыру жұмыстары былтыр жөнге қойылған еді. Биыл да нәтижелі болмады деді тиісті мекеме өкілдері. Жиыны 138 ауланы жарықтандыр үшін 340 млн теңге бөлінген.
Әлібек Оразалин, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
Алдымен өткен жылы аяқталмай қалған жұмыстарды атқарамыз. Кейбіреуін электр желілерен қосып, кейбірін көптеген бөлшектерін қалпына келтіру қажет.
Жарықтандыру жұмыстарын бақылауда ұстаған жөн дейді мамандар. Жөндеуді қажет ететін электр желілері де бар. Тек жөндеу жұмыстарына 130 млн теңге бағытталған.
Әлібек Оразалин, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
Жөндеу жұмыстарына тіректерді, құрылғыларды, жарықтандыру желілерін, сонымен қатар барлық жарықтандыру элементтерін ауыстыру жұмыстары кіреді.
Бүгінгі таңда қала бойынша 24 000 жарық нұктелері бар. Қала көшелері мен аулалар 85 пайызға жарықтанған. Алдағы мақсат 100 пайызға жеткізу.
Жанасыл Серікбол, Кристина Касперович