ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жануарларды қорғау шарасы

20:27, 17 қаңтар 2022

Павлодар облысында қоңыр аңдар саны өсіп келеді. Бұны мамандар да растап отыр. Сондай-ақ, оларға деген қамқорлық та күшеюде. Әсіресе қысқы уақытта жануарлардың азықсыз қалмауы үшін арнайы жеп-шөп те дайындалған.

Павлодар облысында еліктердің саны өскен. Орманшылардың мәліметінше, қазіргі уақытта 500-ден асады. Қала маңындағы ормандарда 80 бас мекендеп жүр. Жануарлар Шалдай орманын ауып келіп, әр жерде санын көбейте бастаған.

Қанат Бағжанов, Павлодар орман шаруашылығының инспекторы:

Орманшы-инспекторлардың міндеті орманды қорғау, күнделікті тынысын бақылау. Орманның ғана емес жануарлардың да жайын жіті қадағалаймыз. Ақсап қалғандарды, ауырып қалғандарды қараймыз. Брокеньерлікпен де күресеміз. Биыл ондай факті тіркелген жоқ. Мүмкін адамдар тәртіпке келген шығар. 

Суық басталғалы бері жануарлардың жайылуы қиындады. Қар астындағы шөппен азықтану ауырлық етеді. Осындайда орманшылардың көмегі аса қажет. Жазда жануарларға деп жем-шөп дайындалып, орындар жасақталған. Павлодар қаласы бойынша бұндай орындар саны 20 болса, облыс бойынша 80-ге жуықтайды.  

Диас Қабдолла, Павлодар орман шаруашылығының орман шебері:

Біз жаз мезгілінде 500 ге жуық жем дайындағышпен шөп жинаймыз. Бұл жұмысты жапырақтар қурамай тұрып бастаймыз. Өткен жылы тоннаға жуық шөп дайындадық. Бізге тұз беріледі. Оны  да осында салып қоямыз.

Жануарлардың тамақтануына арналып, Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығында 400 ге жуық алаңқай құрылған.  Ол жерлерге аптасына екі рет шөп пен тұз жеткізіледі. Сондай-ақ, мамандар қаңтар айының соңында жануарлар санағын өткізбек.

 

Құдайберген Бердімұрат, Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...