ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жаңадан салынған тұрғын үйде мәселе көп

09:20, 6 шілде 2022

Үйдің қабырғалары сөгілген. Жаңбыр жауса төбесінен су кетеді. Осылай деген Павлова 111/2 мекенжайындағы үйдің тұрғындары арнамызға шығамданды.

Бұл пәтерді Ботакөз Төкенова 17 жыл күткен. Үш баланы бір өзі тәрбиелеп отырған ана, пәтер кілтін алған кезде арманы орындалды деп қуанған. Бірақ қуанышы көпке созылмады. 10 қабатты үйдің 9 этажында тұратын ол жаңбыр жауса төбесінен  су ағатынын айтып, шағымын жеткізді.

Ботагөз Төкенова, Павлова көшесі 111/2 үйінің тұрғыны:

Бір жыл бәрі жақсы болады деп күтіп отырдық. Енді мына жыл шыдамсыз. Су барлық жерден ағады. Үстінен ағады су, лифтовой, кіре берісте тек су толып кеткенде жауын болған кезде біздің үйде де жауын болады. Осы жерде 70 процент инвалидтер жалғыз тұрған әйелдер, ауру кісілер, көзі көрмейтін. Жүре алмайтын. Инсультпен жатқан кісілер.

Көп қабатты тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға берілді. Бұл үйде әлеуметтік және кезекте тұрған азаматтар тұрады. Үйдің жағдайын айтып бармаған жерлері жоқ.

Ботагөз Төкенова, Павлова көшесі 111/2 үйінің тұрғыны:

Подрячке барындар, анаған барындар мынаған барындап деп айтады. Барсақ, онда айтады. Ертен келіңдер сосын келеміз, айдың аяғынджа келеміз деп бірақ түкте осы жерде істеп жатқаны устранение проблем түгі де жоқ осы жерде.

Көзіміз жеткеніндей бұл үйдің әрбір пәтерінде кемшіліктер бар. Біреуінің қабырғалары сөгілген, енді бірінің сыланған қаптамалары түсіп қалған. Қыс бойы терезелерден жел үрлеп тұрды дейді тұрғындар. 40 жастағы Сәуле  Нұриманова, 1 ші топтағы мүгедек. Әлеуметтік маңызы бар үйді алу үшін кезекте 15 жыл тұрды.

Сәуле Нұриманова, Павлова көшесі 111/2 үйінің тұрғыны:

Біз әкімшілікке терезеден жел соғып, қыс мезгілі кезінде бөлме еш жылынбайтыны жайында айтқанбыз. Олар өз кезегінде мердігер ұйымға жүгіну керектігін дедлі. Олар келіп қарап кетті. Жел зуылдап әлі күнге дейін соғып тұрады. Өз қаражытымзға жасауға тура келетін шығар.

Әлеуметтік болып есептелетін үй мемлекет қарауынсыз қалған тәрізді. Техникалық этажға көтерілген кезде сымдардың, төбе қабырғалары ашық екенін біз де көрдік. Аталмыш мәселеге қатысты ведомства басшысы жауап берді.

Асқар Ажмұрат, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

Қазіргі таңда мердігер жұмысқа кірісті, барлық қандай кемшіліктер бар оның барлығы жойылады. Оны барлығын қалпына келтіреміз. Және біріншіден төбесін жасаймыз. Бұзылған пәтерлер ішінде внут отделка дейміз ғой соны барлығын мердігер өзінің кепілдік келісім шарт бйынша. Барлық жұмыстарды жасап береді.

Қала әкімдігі өз кезегінде туындаған  кемшіліктер  қысқа уақыт ішінде жойылатынын жеткізді. Бір айта кетерлігі, аталмыш үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынды. Бұл мақсатқа бюлджеттен 1 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалған.



Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...