ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жаңа трамвай жолы

13:09, 15 қыркүйек 2021

Ломов көшесінен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына түсетін трамвай жолы күрделі жөндеу жұмыстарын өтіп жатыр. Шаһар тұрғындарының өтініштері бойынша жөнделіп жатқан жаңа жол қашан дайын болатыны жайлы, келесі бейнесюжетте.

Бұл бағыт 90-жылдардан бастап өз жұмысын қазіргі күнге дейін жалғастырып келген. Бүгінгі таңда жаңадан жөнделіп, қолданысқа енетін бұл трамвай жолағымен қоса, жаңа трамвай маршруттары да іске қосылатын болады.

Муслим Махмудов, "Трамвай басқармасы" АҚ басқарма төрағасы:

2 маршрут қолданылады. Бұл Усолка шағын ауданына барып, саяжай шағын ауданына қайтатын бір бағыт, екінші, саяжай шағын ауданы мен вокзал бағыты болады, ал қосалқы бағыт ол Усолка шағын ауданымен -вокзал маңы болады деп жоспарлаудамыз, оны әлі де қарастырамыз, мүмкін оны зауыттар ауданына жібереміз. Барлығын жүйелі түрде қарастырып жатырмыз.

Бюджеттен жаңа айналымға 15 миллион теңге бөлінді, бірақ Трамвай басқармасы кем дегенде 15-20% пайызды үнемдеуге уәде беріп отыр, өйткені барлық жұмыстар мердігерлерсіз өз күштерімен орындалуда.

Муслим Махмудов, "Трамвай басқармасы" АҚ басқарма төрағасы:

Жалпы, жоспар бойынша айдың соңына дейін жұмысты бітіруіміз қажет, бірақ біз тезірек жасауға тырысамыз. Қазіргі таңда жөндеудің 1 апталық жұмысы жүріп бітті. Біз өте үлкен жұмыс атқардық. Мәшһүр Жүсіп көшесінің маңына қарай жүргізілетін бір тармақты сәрсенбіде аяқтаймыз.

Жаңа бағыттар, орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден іске қосылады. Трамвайлардың нөмірлері бойынша – жаңалары пайда болады немесе алдыңғы нөмірлерге әріптер қосылады. Трамвай басқармасы жаңа бұрылыс үшін рельстің төселіп, жасалғаны Тарифтердің бағасына әсер етпейді деп уәде берді. Трамвайшылар автономды жолмен саябаққа тағы 10 трамвай сатып алуды жоспарлап отыр.

Құдайберген Бердімұрат, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...