ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖАҢА СТАДИОННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

20:58, 5 тамыз 2020

Шарбақты ауданының орталығында стадион салынуда. Жеті мыңнан аса тұрғыны бар аймақтағы ірі алаңның құрылысы екі кезеңнен тұрмақ. Аталған жоба «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқасында жүзеге асуда.

Кеңес үкіметі кезінде бұл жерде аудандық деңгейдегі  стадион орналасып, түрлі дүркіреген спорт жарыстары өткен. Тоқырау жылдары тоз-тозы шыққан алаң биыл қолға алынып, қайта салынуда. Жұмыс  екі кезеңнен тұрмақ. Жасанды футбол алаңын салып, аула құрылыстары мен электр бөлігін жасап алуды көздеген біріншісі кезеңі биыл аяқталды. Оған барлығы 85 млн теңге қаржы жұмсалған. Мердігер компания  «Дуэт СТ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Алмабек Жәркенов, экономиканың нақты секторы бөлімінің бас маманы:

Екінші кезеңнің жұмыстары  2021 жылы жасалады. Оған қосымша қаржы бөлінеді. Ол кезде тағы футбол алаңы,150 орындық трибуналар салынады, сондай-ақ вакаунт алаңы мен жылытылатын және жылытылмайтын киім ауыстыратын бөлмелер салынады деп жоспарланып отыр.

Жеті мыңнан аса тұрғыны бар аудан орталығының халқына бұдан басқа 13 шағын футбол алаңдары қызмет етіп тұр. Алайда жұртшылық соңғы талап бойынша салынып жатқан 4725 шаршы  шаршы метрлік  ірі стадион құрылысының аяқталуын асыға күтуде.

 

Гүлсара МӘЛІКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар