ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жаңа препарат қолданыла бастады

18:45, 2 маусым 2021

Павлодар облысындағы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына басқа препарат қолданыла бастады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов инстаграм парақшасындағы тікелей эфир кезінде айтты. Жаңа дәрілік сұйықтық францияда өндіріледі. Мұның әсері қандай? Келесі сюжетте.

Сонымен, дезинсекциялық жұмыстарға жаңа препарат қолданыла бастады. Бұл франциялық тауар өндірушілердің «Phobi» өнімі. Ол да қарапайым жолмен, суға араластыру арқылы әзірленеді. Бүгінде облысқа 250 литрі  жеткізілген. Бұған дейін қолданылған бактицид те жақсы әсер етеді. Бірақ, нәтиже жоқ.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Достаточна или не достаточно?..... не видно результат?

Биылғы жылғы улау маусымындағы шыбын-шіркей бактицидке бағынбай тұр. Бұны құлақ естіп, көз көрді. Ал, қараша халықтың жан айқайын әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан аңғаруға болады. Тіпті, күндізгі уақытта қос қолымен қағынған халықтың қарасы қалың.

Негізінде биылғы жылдан бастап аталмыш салада жұмыс істейтін мердігерлермен келісімшарт 3 жылға жасалған. 3 жылға бөлінген сомма 1,5 млрд теңгеден асады. Ал, биыл оның 602 млн-ы игерілді. Бірақ, нәтиже жоқ.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші

Кешкі уақыт былай тұрсын, тіпті  күндіздің өзінде маса көз ашқызбайды. Биылғы улау жұмыстарына бюджеттен 602 млн теңге қаражат бөлінген. Бұған 70 мың келі бактицид сатып алынған. Бірақ, улау жұмыстары өз нәтижесін берер емес. Кешкі салқынмен еруендегенді қойып, қазір 4 қабырғаға қамалып отыруға мәжбүрміз,-дейді тұрғындар.

Жаңа препаратты қолдану шыбын-шіркейдің ұясына айналған ертіс жағалауында жүргізіледі. Екі адам түтінді генератормен, ал 19 адам жаяу жүріп өңдейді.



Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...