ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жаңа офис ашылады

23:05, 4 мамыр 2022

Қазір қоғамдық көлікте картасыз жүре алмайсыз немесе қалтаңызда міндетті түрде қолма-қол ақша болуы тиіс. Бүгінде 38 мың оқушы мен 23 мың зейнеткерге карталар берілді. Дегенмен құрылғыға кезек күткен халықтың қарасы қалың. Осыған байланысты Павлодарда тағы бір нүкте іске қосылды.

Облыс орталығында карталарды беретін 3 кеңсе жұмыс істейді.  Ертеңнен бастап Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша қосымша тағы бір пункт ашылады.

Талғат Тоқтағанов, «Смарт-автобус ПВ» техникалық директоры:
Ертеңнен бастап біздің қаламызда 4-ші пункт ашылады. Ол Ломов 38 центр развитие молодежи. Сонда біздің кісі енді істейді сағат 9 нан әлде 10 нан ашылады. Кешке дейін істей береді. Сағат 18,30 дейін.

Ұзын соңар кезекте тұрған адамдар қала басшылығына  наразы. Алайда, Смарт Автобус ұжымы болса, халыққа 2 ай  уақыт берілгенін айтады. Осы мезгіл ішінде  карталар тіпті тегін таратылған. Ал, енді  зейнеткерлер қолдарында картасы мен зейнет жасын растайтын анықтама құжаты болмаса жол ақысын 100 пайыз яғни, 80 теңге төлейді.  Ал барлық құжаттары мен картасы толық  болған жағдайда жеңілдікпен жүреді.

Талғат Тоқтағанов, «Смарт-автобус ПВ» техникалық директоры:
Қазір неге кісі көп тұр. Біз екі ай 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін зейнеткерлерге және оқушыларға карталарды тегін бердік. Ештеңе төлемей олар алуға мүмкін болды. Олавр сонда осында бізге келмеді. Зейнеткерлер  40 тенге төлейді 50 пайыз төлегенде оларда өздерінде транспорттық карта мен пенсионная книжка дейді қолда болу керек.

Қалада 342 қоғамдық көлік жүреді екен. Күні кеше 86 мыңнан аса  карта арқылы төлем жасаған. Бір айта кетерлігі, Катаев көшесі 9 мекен жайында орналасқан кеңсе де Чокин 31 мекенжайына көшіріледі.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар