ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жаңа мешіт қызметін бастады

09:22, 6 шілде 2022

Аққулы ауданы Шақа ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Құрбан айт мерекесі қарсаңында ашылған мешіт ауыл халқын ерекше қуантты. Мешіттің ашылу салтанаты аясында бәйге ұйымдастырылып, жүлделер тағайындалды.

Шақа ауылдық мешіті көпшіліктің күшімен бой көтеріп отыр. Қасиетті орынның құрылысына барша ауыл халқы ат салысқан. Ашылу салтанаты барысында осындай жандар көпшілік алдында марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді. Енді ауылдықтар әр таңды жаңа мешіттен шақырылған азамен қарсы алмақ.

Әли Жұмашұлы, Шақа мешітінің имамы:

Осы мешіттің ашылуын ат салысқан барша ағаларымызға, бауырларымызға Алла разы болсын! Осы жерден тарайтыны белгілі.

Ауылдың қарт тұрғындары кеңес үкіметі кезінде мешіт болмағандығын, әркім өз үйінде намаз оқып, ораза ұсап жүргендігін айтады. Тәуелсіздік алған соң ескі үйді мешіт ретінде пайдаланған. Тек биыл ғана еңселі ғибадат орыны салынып, ауыл халқы қуанышқа бөленуде.

Берекелі Әбдірахманұлы, Шақа ауылының тұрғыны:

Осы ауылдың жастары, шебер, ұйымшыл, өздері бәрін істеп. Осы ауылдан көшіп кеткендер, көрші ауыл қаражатпен көмектесті. Үш жылдың ішінде жақсы мешіт тұрғыздық. Имамымызда жақсы азамат.

Шақа ауылы ежелден дінге берік, салтын сақтаған берекелі ауыл. Кеңес өңіметі кезінде тоғыз молда шығып, халықты имандылықта ұстаған екен. Сол үзілмеген рухани өзектің күшімен осы мешіт салынған.

Төлеген Шаһарман, өлкетанушы:

Ертеден біздің осы елді Бесқарағай өңірі атаған. Ертеден атадарымыз дінді жақсы ұстанған. Бізде Уахит Хазірет мектебі қалыптасқан. Сол жолда жүріп келе жатырмыз.

Мешіттің ашылу салтанаты аясында ауылда ас беріліп, сәйгүлектер бәйгесі және құнан жарысы өтті. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...