ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жаңа кәсіпорын ашылды

22:03, 25 мамыр 2022

Павлодар қаласының маңында жаңа кәсіпорын ашылып, қолданысқа берілді. Ол мұнай-химиялық зауыттарға қажетті құралдарды шығаратын болады. Жобаға 240 млн теңге көлемінде инвестиция құйылған.

Павлодар қаласында жылуауыстырғыш аппараттарды, металлқұрылымдарды шығаратын жаңа кәсіпорын бүгіннен бастап жұмысын бастады. Өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсіміне облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук та қатысты.

Олег Крук,  Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Өте қуаныштымын. Бүгін жақсы кәсіпорын ашқалы тұрмыз. Бұл кәсіпорын көп адамды жұмыспен қамтып, өңір экономикасының дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Жаңа инвестициялық жоба индустрияландыру картасы аясында  жүзеге асуда. Сапалы өнімнің сертификаттары да бар.

Жаңа өндіріс орны Павлодар қаласының солтүстік өндірістік аймағында орналасқан. «ҚазӨнеркәсіпҚауіпсіздік ПВ» кәсіпорны  алаңында сапалы өнім шығаруда жоғары стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін заманауи қондырғылар орнатылған. Өндіріс орнын құруға және дамытуға барлығы 246 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды.

Ерсұлтан Бектұрғанов, «ҚАЗИНДУСТРИЯ» ЖШС тәуелсіз директоры:

Бәріңіз білесіздер бізде мұнай өндірісі көш бастап тұр. Жыл сайын 90 млн тонна мұнай, 1 млрд кубтан артық газ өндіріледі. Қазақстан үшін мұндай кәсіпорын өте қажет. Еліміз бойынша мұнай химиялық зауыттар жетеді. Сондықтан мыннан шыққан өнім сұранысқа ие болады деп сенемін.

Соңғы 11 жылда Қазақстанда 1671 осындай кәсіпорын бой көтерген. Оған 10 триллион 400 млрд теңге жұмсалды. Оның 10 пайызы біздің өңірде жүзеге асырылған. Нәтижесінде еліміз бойынша 10 жылда 155 мың жаңа жұмыс орны құрылған.

Ержан Темірханов, академик:

Өнім дегенде орысша сосуды, парогенараторлар, теплообмениктар, конвейерлерді шығарып жатырмыз.

Осылайша өндірістік алаңында әзірге 40 жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты арта түскен уақытта кәсіпорын 150 адамға дейін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар