ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

19:20, 1 ақпан 2021

Павлодарлық волонтерлар сақтық шараларын сақтауға шақырады. Тәж тажалмен күрес күн сайын күшейе түсуде, алайда эпидахул көңіл көншітпейді. Қарапайым ғана бетперде тағу, қолғап кию сынды дүниелер естен шықпағаны абзал.

Өткен жылдың мамыр айынан бастап Павлодар қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының бастамасымен «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы қолға алынды. Науқанның басты мақсаты тұрғындар арасында ковидқа байланысты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу. Шараның қолға алынғанына бірқатар уақыт өтсе де, маңыздылығы әлі де жоғары. Оны күн сайын өсіп жатқан статистикадан, эпидахулдан көруге болады.

Нариман Өскенбаев, Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы:

Аталмыш акцияларды аптасына 2-3 рет халық көп жүретін орындарда  жүргіземіз. Бір акцияда 150-200 ге тарта короновирусты алдын алу туралы буклет таратамыз. Әр науқан сайын 20-ге дейін ерікті қатысады. Ақпараттандыру қағаздарын таратып қана қоймай оларды подъездерге, аялдамаларға ілеміз.

Еріктілердің сөзінше, акция жаңа басталған уақытта тұрғындардан негативті пікірлер де болған. Алайда уақыт өте келе павлодарлықтар вирустың қауіпті екенін түсінген. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Сондықтан сақтық шараларын барынша ұстанған абзал.

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
19:08, 14 сәуір 2021
КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
19:07, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...