ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жайылымдық жердің тапшылығы әлі де өзекті

20:56, 11 мамыр 2022

Павлодар облысында 7 млн-нан астам ауыл шаруашылығы жерлері бар. Алайда, өңірімізде жайылымдық жерлердің тапшылығы әлі де өзекті. Әсіресе Павлодар, Тереңкөл аудандарының тұрғындары бұл мәселені жиі көтереді.

Өңірде 2,8 млн гектер жер игерілмеген. Бұл егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар жүріп жатқан өңір үшін нашар көрсеткіш деуге болар. Жер қатынастары басқармасы бос жатқан жерлерді игеру мақсатында биыл 9 конкурс өткізген. Басты мақсатымыз биыл жарты миллоннан астам гектар жерді игеру дейді.

Руслан Дәуітбаев, жер қатынастары басқармасының басшысы:

Өткен 2021-жылы біз 46 конкурс өткіздік. Осылайша,  633 мың гектар жер иесін тапты. Биыл 550 мың гектар жерге конкурс өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, өңірде иесі болса да игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да қарқынды деді спикер. Арнайы ғарыштық мониторинг нәтижесінен 172 мың гектер жердің игерілмей жатқаны анықталған. Осылайша 200-ден астам жер иесіне ескерту жасалды. Былтыр 10 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарлған екен. Сондай-ақ, спикер жайылымдық жердің мәселесі әлі де өзекті екендігін атап өтті.

Руслан Дәуітбаев, жер қатынастары басқармасының басшысы:

Тұрғындар бұл мәселені жиі көтереді. Биыл жергілікті атқарушы органдар 16 мыңнан астам гектар жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Былтыр иесі игере алмаған 76 мыңнан астам гектар жайылымдық жер де мемлекет қарамағына өтті.  

Жайылымдық жердің тапшылығы әсіресе Павлодар, Тереңкөл, Шарбақты аудандарындағы 34 елдімекендже жиі байқалады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар