ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ыстық су өшіріледі

19:24, 1 тамыз 2022

Тамыздың бірі мен алтысы аралығында Павлодар жылу жүйесі мекемесі гидравикалық сынақ өткізеді. Осыған байланысты қаланың бірнеше аумағынан ыстық су өшіріледі.

Ыстық су қаланың оңтүстік бөлігінде өшірілетін болады. Атап айтқанда 29-ноябрь, Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр, Камзин көшелерінің тұрғындары үшін ыстық су уақытша болмайды.  Сондай-ақ, ыстық су бомлайтын шағын аудандар да бар. Олар: Екінші Павлодар, Шығыс шағын ауданы мен Зеленстрой. Сонымен қатар, Достық, Сарыарқа, Дачный, Усолка мөлтек аудандарының тұрғындары да уақытша ыстық сусыз отырады

Екатерина Байжұманова, «Павлодарэнерго» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

Қазіргі уақытта гидравикалық сынақ қаланың оңтүстік бөлігі бойынша өтуде. Бұл тамыздың бірі мен алтысы аралығы. Ал, тамыз айының 8-нен бастап солтүстік жылу желісі бойынша сынақ басталады. Гидрваикалық сынақ жөндеу жұмыстарын соң өткізілетін сынақ. Жылу желілерінің қысқа дайындығы тексеріледі.

Осыған байланысты мамандар жылу желілері орналасқан аумақтарда абай болуға, ескертулер мен бұзушылықтар үшін 57-07-51 немес 57-01-13 номеріне хабарласуды сұрайды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...