ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ыстық су қашан болады?

20:36, 21 шілде 2021

Павлодарда 250-ден астам көп қабатты тұрғын үйге ыстық су әлі күнге дейін қосылмаған. Бұған жаз айларында жасалатын күрделі жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Мамандардың сөзінше, облыс орталығындағы жылу желілерінің әбден тозығы жеткен. Сондықтан негізгі магистрль жөнделгенге дейін ыстық су берілмейді. Шамамен күз айларына дейін күтуге тура келеді.

"Павлодарэнерго" АҚ ресми сайтының "жоспарлы ажыратулар" бөлімінде ақаулықтарды жоюдың болжамды мерзімдері мен себептерін көрсете отырып, ыстық суы жоқ қаланың солтүстік және Оңтүстік желілік аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлердің тізбесі үнемі жарияланады. Салыстырмалы түрде уақыт өткен сайын тізім қысқарып келеді. Десе де атқарылар жұмыс аз емес. Сала мамандары жаз соңына дейін көп қабатты тұрғын үйлердің 80 пайызын орталықтандырылған жылу желілеріне қосуды жоспарлап отыр. Қалған 20%-на күзге дейін шыдамдық танытуға тура келеді.

Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Жылу желілері мамандарының сөзінше 20% — бұл 240 үй. Бұл үйлердегі құбырларда кем дегенде 123 ақау бар. Оның барлығы жөнделіп біпткенше біраз уақыт керек. Демек, тамыздың соңына дейін ыстық су болмайды деген сөз.

Жергілікті билік пен "Павлодарэнерго" АҚ Жөндеу жұмыстары мен зақымдарды жою жұмыстары жылдан жылға созылып жатқан бірнеше факторларды атап өтті, бұл павлодарлықтардың үйлеріне ыстық сумен қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Біріншіден, қазіргі кездегі жауаптылардың тарифтік құрамы жылына 5-7 шақырым жылу желісіне, қажет болған жағдайда 25 шақырым жерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Бізге мамыр мен тамыз аралығында осы жұмыстарды аяқтау керек деп тапсырылған болатын. Келісезідер ме? Осы уақыт аралығында барлық жөндеу, монтаждау және тексеру жұмыстарын жасап үлгеруіміз керек.

Қазіргі таңда сала мамандары 2 мың шақырымнан астам жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Жаз мезгілінде жасалатын жөндеу жұмыстарына арнайы мердігерлер тартылған. Себебі, алға қойылған жоспар көп. Жылыту маусымы басталғанға дейін үлгеру керек.

Павел Плетухов, «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары:

Жөндеу науқаны басталар алдында Павлодар қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы орамдық тарату желілерінде 82% – ды, магистралдық желілерде 83% - ды құрайды. Жөндеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін орташа тозу әлі де артады, бұл бастапқыда тарифке енгізілмеген қала тарапынан жөндеу науқанына ақша қаражатының жеткіліксіз бөлінуіне байланысты.

Тұтынушылар тарапынан үйлерді жылу қабылдауға дайындау баяу қарқынмен жүруде, - дейді, мамандар. Сондықтар қарапайымн ПИК-терді мүлік иелерінің кооперативіне ауыстырған абзал. Сонда ғана тұнынушылар мен қызмет ұсынушылар арасында байланыс орнайтын көрінеді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Александр Логвин

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...