ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі

22:19, 24 қыркүйек 2021

Жаңа, бірегей идеяларды экономикалық капиталға айналдыру қажет. Жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, креативті ұсыныстарына көмек беру керек. Бул туралы жастар бастамаларын дамыту орталығында аймақ басшысының қатысуымен өткен жиын барысында айтылды.

Креативті экономика-бұл жаңа уақыт пен білім экономикасы. Мұнда басты ресурс-адамдар ойлап тапқан идеялар. Қазақстан Республикасының Президенті креативті экономиканы дамыту — мемлекеттің экономикалық саясатының жаңа бағыты екенін атап өтті.

Ертіс өңірі дарынды жастарға толы. Олардың әлеуетін ашуға және идеяларын уақытында қолдауға көмектесу маңызды. "Жастарға арналған гранттар" жобасын іске асыру және креативті жастарды қолдау үшін 500 000 теңгеден 10-нан астам шағын грант бөлу жоспарда бар.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Болашақ біздің өсіп келе жатқан ұрпақтар, орта жасқа дейін қандай оймен өседі екен. Оны біз салмағын қарау керекпіз, ең бастысы тәрбиесі, жанұясы, ортасына қарау керекпіз.

Креативті индустрияларды дамыту мақсатында мынадай 5 бағыт бойынша шаралар іске асырылатын болады: креативті индустриялар субъектілерінің қызметін құқықтық реттеу, кәсіпкерлікті ынталандыру, инфрақұрылым құру, білімді, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру және тарату, ойларды дамытудың жағдайын жасау.

Данат Жумин, креативті ойларды дамыту жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің басшысы:

Креативті индустрияларды дамытудың басты мақсаты халқымыздың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Егер шығармашылықтан ақша табуға мүмкіндік болса, онда сіз іске кірісуіңіз қажет.

Жастар-біздің өңірдің болашағы. Креативті экономиканы дамыту жан-жақты қолдау көрсетуге және жаңа, бірегей идеялардың санын арттыруға көмектесетін қоғамның қозғаушы генераторы.

 

Құдайберген Бердімұрат, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...