ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ВОЛОНТЕР СТУДЕНТТЕРГЕ ШӘКІРТАҚЫДАН БӨЛЕК АҚША ТӨЛЕНЕДІ

12:47, 13 мамыр 2021

Волонтер студенттерге шәкіртақыдан бөлек ақша төленеді. Елбасының тапсырмасымен студенттік әлеуметтік кредит жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл үшін еріктілдер қандай қызмет атқаруы тиіс?

Павлодар қаласындағы жастар ұйымдарына студенттік әлеуметтік кредит пен мемлекеттік оқу кредиты жобалары таныстырылды. Осы жобаға сәйкес қазіргі таңда волонтерлық қызметтегі білім алушыларға мемлекет тарапынан қаржы бөлініп отыр. 

Арнай Смағұлов, «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі:

Волонтерлық қызмет деген ол бірінші кезекте тегін көрсетілетін қызмет деп түсіндіріледі ғой. Ал қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан, яғни студенттік әлеуметтік кредит деген  ұғым бар. Сол ұғымға сәйкес, заңға сәйкес қазіргі кезеңде студенттерге, волонтерлық қызмет көрсеткені үшін төлем жасалып жатыр.

Бұдан бөлек академиялық кредиттері өтеледі. 2 нұсқа қарастырылған. Біріншісі екі аптаға шақталатын 20 сағаттық жұмыс. Екіншісі 50 сағаттық ваучер. Бұл кезде студент 1 ай волонтер болып қызмет көрсетуі тиіс. Көшбасшыларды жинап, шараны өткізудегі бүгінгі мақсат - бұл жобаның тиімділігін түсіндіру. Сондай-ақ, студенттерді волонтерлық жұмысқа тарту.

Арнай Смағұлов, «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі:

Осында білген ақпараттарды өздерінің қармағындағы, өздерімен бір ойлас болып жүрген студенттерге әрі қарай тарату үшін.

Бүгінге дейін еліміздің көптеген қалаларында аталмыш жоба таныстырылды. Атап өтейік, бұл әзірге жоғары оқу орындарының студенттеріне ғана жасалған мүмкіндік. Алдағы уақытта колледждерде оқитын білім алушыларды да қамту жоспарда бар.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...